Бүкіл әлем көз тіккен Көшпенділер ойыны аяқталды. 89 елден келген 2500-ге жуық спортшы бақ сынап, өзара мықтыны анықтады. Көшпендіелер ойыны несімен есте қалды? Шолу жасап көрген едік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ашылу салтанаты
8 қыркүйек күні елрдадағы 30 адам сиятын «Астана Арена» стадионында ашылу салтанаты өтті. Дүбірлі доданың ашылу салтанатында қазақ жерін мекен ететін түрлі этнос өкілдерінің балалары ҚР Туын алып шықты. Бұдан кейін еліміздің Әнұраны шырқалды.Қалыптасқан дәстүр бойынша жарысқа қатысушы мемлекеттер спортшыларының шеруі өтті. Биылғы Көшпенділер ойындарына Азиядан, Еуропадан, Солтүстік және Оңтүстік Америкадан, Африкадан, сондай-ақ Аустралиядан спортшылар келді. Сондай-ақ доданың ашылу салтанатын отандық телеарналардан бөлек, әлемнің 19 телеарнасы көрсетті. Көшпенділер ойындары тарихында бұндай халықаралық деңгейде ауқымды телехабар тарату бірінші рет қолға алынды. 2 сағатқа созылған іс-шарада 3000 мың өнерпаз өнер көрсетті.
«Euronews» телеарнасының сайтында мынандай мақала жарияланды: «Спорттық шараға қатысып жатқан елдердің географиясы сан алуан. Оған көшпенділер дәстүріне қатысы жоқ мемлекеттердің өкілдері де жиналған. Мысалы, Австралиядан бастап Канадаға дейінгі, Оңтүстік Африкадан бастап Ұлыбританияға дейінгі аралықта орналасқан елдердің спортшылары бақ сынауда. Бұл ойындардың ауқымы кеңейіп жатқанын көрсетеді», — делінген.
Ал Еуропаның «Modern Diplomacy» алаңы елімізде өтіп жатқан байрақты бәсекені достық пен бейбітшілік мерекесі деп сипаттайды. «89 елден келген 2 жарым мыңға жуық спортшы мен мыңдаған мейманның басын қосқан бұл шара — көшпелілер өркениетінің бай мәдени мұрасы мен бірегей спорт түрлері жане дәстүрлерінің мерекесі», — деп жазған.