Германия астанасында Стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Германия іскерлік кеңесінің 15-ші отырысы өтті. Кеңестің тең төрағалары ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр және Германия экономикасы Шығыс комитетінің директоры Михаэль Хармс болды. Іс-шара аясында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров сөз сөйледі.
Отырысқа қазақ тарапынан негізгі салалық министрліктердің, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ компаниялар тобының және отандық бизнес-қоғамдастықтың өкілдері қатысты. Неміс тарапынан отырысқа Siemens, Siemens Energy, Svevind Energy, CT Agro, CLAAS KGaA, Flight Design General Aviation, Deutsche Bahn, KfW Banken Gruppe, Deutsche Bank және т.б. Германияның өнеркәсіптік кәсіпорындары мен қаржы институттарының өкілдері қатысты.
Өз сөзінде Ә. Қуантыров іс-шараның экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшін де, инвестициялар үшін жаңа мүмкіндіктер мен тауашаларды анықтау тұрғысынан да маңыздылығының жоғары дәрежесін атап өтті. Министрдің орынбасары Қазақстан мен Германия бизнесін жақындастыру жөніндегі жұмыстың нәтижелерін Қазақстан аумағында табысты жұмыс істейтін неміс және бірлескен кәсіпорындар түрінде атап өтті. Осылайша, елімізде 740-тан астам неміс компаниялары мен 400-ге жуық бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді.
Сонымен қатар Министрдің орынбасары неміс компанияларының елді индустрияландырудағы және өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамытудағы маңызды рөлін атап өтті: «2005 жылдан бастап неміс компаниялары еліміздің экономикасына шамамен 7,8 млрд доллар инвестиция салды, өткен жылы тікелей шетелдік инвестициялардың айтарлықтай өсуі ерекше көзге түседі, ол 770 млн долларға жетті.