Қысқы жылыту маусымы кезеңінде улы газдан уланудың алдын-алдын алудың маңызы зор. Осы орайда тұрғындарға ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілуі тиіс. Бүгін Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті улы газдан уланудың және тұрғын үйлердегі өрттердің алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізу іс-шарасын өткізді.

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Еркін Отарғалымұлы өрт жағдайларының 57 пайызы электр желілерінің ақаулығынан болатынын атап өтті. Ал елді мекендерде жылыту пештерінің мұржалары 3 айда бір рет тазалануы қажет.

Бүгін жоспарға сәйкес, Төтенше жағдайлар департаменті, Полиция департаменті және “Газ техникалық қызметі” мекемесі қызметкерлері бірлесе Қайнарбұлақ тұрғын алабында азаматтарға ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жаднамалар таратты. Мамандар тұрғындарға  газосигнализатор, желдеткіш құрылғысын орнатып,  ал пеш жаққан кезде мұржаны үш айда бір рет тазалап тұру қажет екенін ескертті.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *