Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Amanat» партиясының филиалында азаматтарды қабылдады. Қалалық мәслихат пен басқарма басшылары және аудан әкімдерімен бірге тұрғындардың өтінішін тыңдады.

Азаматтардың басым бөлігі тұрғын үй, жер қатынастары, газдандыру, көшелер мен аулаларды жарықтандыру мәселелерін көтерді. Сондай-ақ, жолдарды кеңейту және асфальттау, көпқабатты тұрғын үйлердің ағымдағы жөндеу жұмыстары мен аялдама орнату бойынша ұсыныстарын айтты.

Әрбір тұрғынды мұқият тыңдап, алаңдатқан сұрақтарына егжей-тегжейлі жауап берді. Кездесу соңында қала басшысы қала тұрғындарына барлық өтініштер заң шеңберінде шешілетінін және назарсыз қалмайтынын жеткізді.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *