«Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында қауіпсіздік шаралары» тақырыбында  баспасөз брифингі өтті. Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Еркін Отарғалымұлы, жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Ердәуіт Ниязов қоғамдық қауіпсіздікті күшейту және пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелері мен талаптарын баяндап, тұрғындарды қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырды.

Қоғамдық тәртіпті сақтау – баршаға ортақ міндет. Төтенше жағдайлар департаменті жаңа жылды мерекелеу қарсаңында жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған іс-шараларды тұрақты атқарып келеді.

– Бүгінде департамент тарапынан төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында жаңа жылды қауіпсіз өткізу іс-шаралары бастау алды. Қала аумағындағы мерекелік іс-шара өткізілетін және адамдар көп шоғырланатын орындарға өрт қауіпсіздігі бойынша үгіт-насихат жұмыстары белсенді жүргізілуде. Пиротехникалық бұйымдарды тек рұқсат етілген, лицензиясы бар орындардан алу қажет, – деді Е.Отарғалымұлы.

Еркін Отарғалымұлының айтуынша, жаңа жылдық безендірулер талапқа сәйкес болуы тиіс. Пиротехникалық бұйымдарды сертификаты бар мекемеден алу керек. Ал пиротехникалық бұйымдарды ғимараттардың ішінде қолдануға тыйым салынады.

Қала кәсіпкерлеріне, жеке және заңды тұлғаларға пиротехникалық заттар мен бұйымдардың белгіленген талаптарын сақтау, бақылау жөнінде жан-жақты ескертілген. Бүгінде қала тұрғындарының қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыру, оқыс оқиғалардың алдын алу үшін ақпараттық-түсіндірме жұмыстары ұдайы атқарылуда.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *