Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте Тәуелсіздік күні мен Жаңа жылды мерекелеу аясында ұйымдастырылатын іс-шаралар жоспары талқыланып, кибер қылмысқа қарсы күрес және тоқтап тұрған құрылыс нысандарына қатысты атқарылған жұмыстар пысықталды. Полиция департаментінің басшысы Н.Алмасбеков интернет-алаяқтық қылмыстардың жолын кесу мақсатындағы профилактикалық шараларды баяндады. Тиімділікті арттыру мақсатында «Киберпол» тобы құрылып, 48 қылмыстық топтың жолы кесілген, 200 тұлға қылмысқа тартылып, 55 тұлға қамауға алынған. Қала басшысы орынбасарларына салаға жауаптылармен бірге бұл бағыттағы шараларды күшейтуде нақты тапсырмалар берді.
Қала әкімінің орынбасары С.Құранбек Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекесіне арналған іс-шаралар жоспарын таныстырды. Бұл ретте қалада 33 іс-шара жоспарлануда. Президент әкімшілігі тарапынан ұсынылған циркулярға сәйкес өткізілетін іс-шаралар ғылыми — танымдық, еске алу кештері, зерттеу және білім беру бағыттарында ұйымдастырылатын болады. Сонымен қатар, Жаңа жыл мерекесіне орай «Астана» алаңында шырша жағу салтанатты рәсімі өткізіледі деп күтілуде. Қала әкімі барлық сала басшыларына халық асыға күтетін мерекелік шараларды, жаңа жылдық безендіру жұмыстарын эстетикалық талғаммен ұйымдастыруды тапсырды.
Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы М.Керімжанов тоқтап тұрған құрылыс нысандары бойынша мониторинг жұмыстарын баяндады. Бүгінде 11 құрылыс объектісі анықталған. Мамандар құрылыс-монтаждауды толық аяқтау және құрылыс нормаларына сәйкес жабдықтау бойынша тұрақты түсіндірме жұмыстарын жалғастыруда.
Ғ. Әбдімәжитұлы қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының және сәулет, қала құрылысы және жер қатынастар басқармасының басшыларына қала аумағындағы тоқтап тұрған құрылыс нысандары мен игерілмей тұрған жер телімдеріне қатысты заң шеңберінде шара қолдануда бірқатар тапсырма берді.