Шымкентте ауа райының қолайсыздығына байланысты жалпы ұзындығы 891 шақырымды құрайтын 443 магистральды көшеде қар тазалау жұмысы жүргізіліп жатыр. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 163 арнайы техника мен 113 қызметкер жұмылдырылды. Абай ауданы: 21 КДМ техникасы, 3 жүк тиегіш, 8 трактор, 21 қызметкер; Әл-Фараби ауданы: 18 КДМ техникасы, 6 трактор, 16 қызметкер; Еңбекші ауданы: 20 КДМ техникасы, 5 трактор, 7 мини-трактор, 28 қызметкер; Қаратау ауданы: 23 КДМ техникасы, 2 жүк тиегіш, 14 трактор, 18 қызметкер; Тұран ауданы: 25 КДМ техникасы, 4 трактор, 7 мини-трактор, 30 қызметкер. Қар тазалау барысында көшелерге және көлік апаты қаупі жоғары аумақтарға инертті материалдар себілді. Қысқы маусымның қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету үшін тазалық жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады. Айта кетейік, биыл қысқы маусымға 189 арнайы техника дайындалды. Бұдан бөлек, жол мен тротуарлардың тайғақ болмауын қамтамасыз ету мақсатында 24 800 текше метр құм және 13 200 тонна тұз қоры әзірленді. Тазалық жұмысын тиімді атқару үшін қала тұрғындарынан көлік құралын жол жиегінде қалдырмауды сұраймыз.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *