Қазақстан Республикасының вице-премьері Серік Жұманғарин қазақстандық «Заман» банкі мен ауғанстандық «Газанфар» банкі алғашқы сынақ төлемін жасағанын мәлімдеді.
Банктер арасында тәулік ішінде 10 мың доллар көлемінде сынақ төлемі жасалды.
Келесі кезең – еуро мен қытай юанін қоса алғанда, үлкен сомалар және әртүрлі валюталар апробациясы.
«Тауар айналымын 3 млрд долларға дейін ұлғайту таяу болашақта шындыққа айналады», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.
Осыған дейін Қазақстанның Ауғанстанға автокөлік экспорттауды көздеп отырғанын жеткіздік.
«Ауған тарапының ұсынысы бойынша, біз Қазақстанда өндірілген автокөлік құралдарын Ауғанстанға жеткізіп, кейіннен оларды Ауғанстанда қызмет көрсету орталықтарымен бірге орналастыру мәселесін қарастыруға дайынбыз»,- деді вице-премьер.