Түркістан облысында жылда 100 мың гектарға мақта дақылы егіліп, 300 мың тоннадан астам өнім жиналады. Өңірде егістікті әртараптандыруда өнімділікті жаңа технологиялар есебінен ұлғайтуға басымдылық берілуде. Осы мақсатта Қытай тәжірибесі негізінде биыл Арыс қаласы және Жетісай, Сауран, Ордабасы аудандарында 2,5 гектар алқапқа элиталы сортты мақта егілді. Бұл технология суды, энергияны, еңбек ресурстарын және минералды тыңайтқыштарды үнемдей отырып, гектарынан 60-65 центнерден өнім алуға мүмкіндік береді. Бұл облыстың орташа көрсеткішінен 2,5 есеге жоғары. Шаруалардың айтуынша, нәтижесі таңғаларлықтай.

Мақта-тоқыма кластерін дамыту мақсатында 2023 жылы Мақтаарал ауданында «Cotton Мақта» ЖШС мақта өңдеу зауыты жобасы жүзеге асырылды. Замануи қытайлық технологиямен жабдықталған мақта өңдеу зауыты өткен жылы 40 мың тонна шитті мақтаны қабылдады. Бұдан бөлек, облыста Қытай және Өзбекстан инвесторларының қатысуымен 223,5 млрд. теңгені құрайтын 2 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

Айта кетейік, Түркістан қаласының инвестициялық әлеуетін жоғарылату мақсатында 2018 жылғы құрылған «TURAN» арнайы экономикалық аймағының аумағы – 3987,39 гектар, 6 қосалқы аймақтан тұрады.

Бүгінгі таңда «TURAN» АЭА инвестициялық портфелі жалпы құны 530,085 млрд. теңгені құрайтын 129 жобадан тұрады. Оның ішінде 214,55 млрд. теңгеге 28 жоба іске асырылды. Бүгінде 353,87 млрд. теңгеге 95 жоба іске асырылуда. Одан бөлек, «TURAN» АЭА өнеркәсіптік субзоналарының аумағында 41,083 млрд. теңгеге қатысушылар ретінде 13 өнеркәсіптік жоба тіркелді. Атап айтқанда, «BASPOLYMER» ЖШС, «Туран Жол» ЖШС, «Gesso Tech» ЖШС, «QazEcoPack» ЖШС, «PSI Mineral Technologies» ЖШС, «Панель Систем КЗТ» ЖШС, «Exclusive Stroy Montazh» ЖШС,  «ТуркестанТемирБетон» ЖШС, «Kentau Red Star» ЖШС, «АЛТЫН ДАЛА МАҚТА» ЖШС, «Многопрофильный Кентауский Завод» ЖШС, «ER-QAN» ЖШС, «Sayat Technology» ЖШС. 

Бұл аймақта 6 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. Барлық жобалар іске қосылғанда 7 221 жаңа жұмыс орны құрылады. Сондай-ақ қазіргі уақытта 2,5 мың жұмыс орнын құрайтын, жалпы сомасы 175,72 млрд. теңгенің 13 инвестициялық жобасы пысықталуда.

«TURAN» АЭА қатысушылары жер және мүлік салығынан, импортқа кедендік баждардан, корпоративтік табыс салығынан, жерді жалға алу төлемінен, қосылған құнға салынатын салықтан босатылады.

 

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *