Басқосуда сондай-ақ өңір басшысы Қытай елінің өкілдерін өңдеу өнеркәсібі, электротехника, құрылыс, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу сынды салаларда бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Көршілес елден жеткен жұмысшы топты басқара келген Мяньян қаласы сауда бюросы директорының орынбасары Ху Хунцзюань ханым аталған салалар аясында ынтымақтастық орнатуға дайындығын білдірді.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстан экономикасына тартылған инвестиция бойынша Қытай ТОП-5 инвестор елдерінің қатарына кіреді. Соңғы 15 жылда Қытайдан тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 24 млрд АҚШ долларына жетті. Соның ішінде Түркістан облысымен өткен жылдың қорытындысы бойынша өзара тауар айналымы 148,9 млн АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт – 60,09 млн АҚШ долларын және импорт 88,9 млн АҚШ долларын құрады. Бұл ретте өзара сауда 2023 жылмен салыстырғанда 11% — ға өсті.

Мяньян – 2200 жылдық тарихы бар, ғылым мен техника дамыған қала. 5 миллионнан астам халық мекен еткен шаһарда 2023 жылы жалпы ішкі өнім көлемі 400 млрд. юаньннан асқан. Тұтыну тауарларын бөлшек саудада сатудың жалпы көлемі 182,236 млрд юаньға жеткен.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *