22 Наурыз «Ұлыстың Ұлы күні» мерекесін аудан көлемінде атап өтуге байланысты бекітілген атаулы күндер тізбесіне сәйкес «Табиғат күніне» орай Орталық саябақта аудан әкімі Б.Батыршаевтың бастамасымен зиялы қауым өкілдері, мекеме басшыларының қатысуында жаппай ағаш көшеттерін отырғызу бойынша сенбілік өтті.
Аудандық мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен мерекелік ән-шашу, құттықтау ұйымдастырылып, сенбілікке қатысушыларға наурыз көже таратылды.
#22Наурыз
#Ордабасы