2022 жылдың 08 қазанында Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерімен және №6 Өрт сөндіру бөлімі және № 17, №23 Өрт сөндіру бекеттерінің қызметкерлері, әкімшілік, ҚазТрансГаз Аймақ, мамандарымен бірлесіп, Ақсу ауылының тұрғындарына «Өрт қауіпсіздігі» және «Улы газбен уланудың алдын алу» бойынша күрделендірілген «Сенбілік» рейдтік іс-шаралар жүргізді.
Сайрам ауданының тұрғындары білу керек, тұрғын орын жайлардағы энергиясы көп тұрмыс құралдары мен жабдықтау, қабырғалар мен едендерді жанатын материалдармен өңдеу нәтижесінде тұрғын үйлердің өрт қауіпі үдей түсетіні анық.
Жанып жатқан пеш, қосулы тұрған электр жылытқышы, газ плитасында ұмытылып қалған тамақ – өрттің шығуына бірден бір себепкер.
Мас күйінде өрт қауіпсіздік шараларын сақтамау, қолдан жасалған электр жылытқыштарын пайдалану.
Осының бәрін ескере отырып Сайрам ауданы, Ақсу ауылы Сайрам ауданының төтенше жағдайлар басқармасы кезекті рейд өткізіп, «Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау» және «Улы газдан уланудың алдын алу» жөнінде қысқаша тұрғындарға түсінік беріп, күнделікті тұрмыстағы ескере бермейтін жайларға мұқият болуды ұсынды:
— қолдан жасалған электр жылытқыштарын пайдалануға болмайды
— от жақпастан бұрын пештерге өте сапалы жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет;
— пеш құдықтары мен түтін шығу жолдарын тазалау қажет: 3 айда бір рет от жағылатын пешті, 2 айда бір рет от үзілмей жанатын пешті.
— отындарды, көмірді бөлек орында немесе арнайы тағайындалған жерде сақтау керек;
— отынды және басқа да тез жанатын заттарды пештің жанында ұстауға тыйым салынады;
— кірді кептіру мақсатында пештің үстіне жаюға тыйым салынады, пешті жағу үшін майлы затты пайдалануға тыйым салынады;
— кішкентай балаларды үйде жалғыз қалдыруға үзілді – кесілді тыйым салынады;
— пеш алдында 70 те 50 көлеміндегі табақ темір төселуі тиіс;