19 Қыркүйек күні Түркістан облысы Кәсіпкерлер Палатасының ұйымдастыруымен «қызмет көрсету және сауда» комитетінің отырысы өткен болатын.
Комитет отырысына облыстағы базар басшылықтары мен мемелекеттік мекеме басшылықтары қатысты.
Атап айтқанда: Түркістан облысы прокуратурасы, Түркістан облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті, Түркістан облысының санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті, Түркістан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы, Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, Түркістан облысы бойынша экология департаменті және т.б.
Комитет отырысында Сауда базарларына қойылатын қауіпсіздік ережелері бойынша қойылатын талаптар және Сауда базарларына «сауда қызметін реттеу» ережелері бойынша қойылатын талаптар тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүрізілді.
Ұсыныс ретінде төтенше жағдайлар департаментімен өрт қауіпін алдын алу бойынша базар аумағанында оқу жаттығу жұмыстарын жүргізу айтылды.
Ұсыныстарды базар басшылықтары қолдап, алдағы уақытта бірге жұмыстар жасауға келісті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.