«19 қазан — Құтқарушылар күні» мерекесіне орай, ағымдағы жылдың 14 қазан күні Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ардагерлері мен қызметкерлері арасында кіші футболдан жарыс өткізілді.

⚽️Аталған жарысқа 18 команда қатысты. Жарыстың ережесі бойынша 35 жастан асқан қызметкерлермен ардагерлер қатысты. Ең үлкен жарысқа қатысқан ардагеріміздің жасы 66 да.

⚽️Жарыс нәтижесінде 1-орынды Түркістан қаласының құрама командасы, 2-орынды Түлкібас ауданының құрама командасы, 3-орынды Сайрам ауданының құрама командалары иеленді. Сонымен қатар, келесі номинациялар анықталып, марапатталды: «Үздік қақпашы» Е. Нұрымбетов, «Үздік Қорғаушы» Д. Бейсеуов, «Үздік шабуылшы» Б. Есіркепов.
Тартысты ойынға қатысушылардың барлығы физикалық және техникалық дайындықтарының жоғары деңгейін көрсетті. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері грамоталармен, кубокпен марапатталды. Жарыстың мақсаты өскелең жас ұрпақты спортқа баулу, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.