Шымкентте өткен жылы тұрғын үйге мұқтаж 1641 азамат несиелік баспанаға қол жеткізген болатын. Ал биыл мегаполисте жыл басынан бері баспана кезегінде тұрған 1293 азаматқа жаңа пәтердің кілті табысталды.

716

 

Қоныс тойын тойлаған шымкенттіктер пәтер құжатын ипотекалық негізде «Отбасы банк» арқылы рәсімдеді. Оның ішінде, 1047 пәтер «5-20-25» бағдарламасы, 246 пәтер «2-10-20 Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша берілді.
Атап өтсек, бағдарламаға тұрғын үй кезегіне тіркелген «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы отбасылар, жетім және ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасылар, сонымен қатар 1 және 2 топ түгедектігі бар азаматтар қатыса алады.Көптен күткен үміттерің ақталып, жаңа үйге қол жеткізіпсіңдер, құтты болсын! Қуаныштарыңа ортақтасу үшін жиналып отырған мына қауымның сендерге айтар тілегі мол. Жаңа үйлеріңнің іргетасы мықты, керегесі кең, шаңырағы биік болсын! Ішінде тек қана татулық пен береке, қуаныш пен бақыт, құт пен ырыс салтанат құрсын! Өз бастарыңа бақ-береке дарып, бала-шағаларың өсіп-өне берсін, қызығын көріңдер! Шаңырақтарыңда қуанышты тойлайтын жиын көп болсын! Қайғы-мұңдарың жоқ болсын!
Елімізде тұрғын үймен қамтамасыз ететін мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі зор. Мәселен, «Бақытты отбасы» бағыты бойынша жылдық 2%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесімен, бастапқы жарна 10 %-дан кем емес мөлшерде 20 жылға тұрғын үйді сатып алуға несие беру қарастырылған. Ал, «5-20-25», «Шаңырақ» пилоттық жобасы бағыты бойынша тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімінде кезекке тіркелген кез келген азаматқа өтінім беруге мүмкіндік бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.