Шымкент қаласындағы 12 базарда қайта құру және құрылыс нормаларына сәйкес келтіру жұмыстары аяқталған. Тағы 7 базарда осындай жұмыстар жалғасып жатыр.
Мамандардың айтуы бойынша, ҚР «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңы қала базарларын құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкестендіруді, базарларды жаңғыртуды талап етеді. Заң талаптарына сәйкес, Шымкенттегі 19 базар модернизациядан өтуге жатады.
Оның ішінде 12 базарда, жоғарыда айтқанымыздай, реконструкциялау және құрылыс нормаларына сәйкес келтіру жұмыстары аяқталған. Атап айтқанда, «Бекжан», «Шымкент Тұлпар», «Исатай (Алатау)», «Акбар», «Иманалиев» мал базары», «Барыс», «Жабық базар», «Көктем», «Жібек жолы», «Жаңа шаһар»,
«Назым апа» және «Көмеш бұлақ» базарлары талапқа сәкестендірілген.Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары мен Әдеп жөніндегі кеңестер туралы ережеге өзгерістер енгізілді.
Тәртіптік жаза қолдану қағидаларында қызметтік тергеп-тексеру, тәртіптік комиссия материалдарын қарау тәртібі және тәртіптік комиссияның ұсынымы бойынша уәкілетті адамның шешім қабылдау мерзімдері нақтыланды.
Мемлекеттік қызметшілердің қызмет стандарттарын бұзу тәртіптік жауапкершілікке әкеліп соғады. Яғни, мемлекеттік органдардың Әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызметшілердің қызметтік Әдеп нормаларын бұзудың алдын алу бойынша жүйелі және белсенді жұмыс жүргізуге бағытталған.
Ал «Авто Нұр», «Орталық қырғы базар», «Алаш», «Айна», «Дархан», «Самал», «Нұр Сайрам» базарларында жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нақтырақ айтар болсақ, бұл базарлар сауда қызметін ұйымдастыру қағидаларына, оның аумағын күтіп-ұстауға, жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптарға сәйкестендірілуде.
Ресми деректерге сүйенер болсақ, биыл «Нұр Сайрам» және «Дархан» базарларында қайта жаңғырту жұмыстары толығымен аяқталады.
Сондай-ақ, Шымкент қаласының қонақтары мен тұрғындарын ақпараттандыру мақсатында базарларда ақпараттық стендтер орнатылған. Бұған қоса өрт қауіпсіздігі, санитарлық-эпидемиологиялық, ветириналық талаптарға сәйкес келтіру бойынша да жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп келеді.