Түркістан облысында су спорты түрлерімен айналысатын және жағажай туризміне қызығатын азаматтар үшін қуанышты сәт жақындап келеді. Мамыр айында Түркістанда салынып жатқан ескек есу каналы мен «Түркістан» туристік-рекреациялық орталығына су жіберіліп, тексеруден өткізілмек. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев аталған құрылыс нысандарына барып, жұмыс барысымен, қазіргі жай-күйімен танысты.
– Түркістанға ағын су жеткізу жолдары табылып, маңызды жобалар жүзеге асып жатыр. Ескек есу каналы су спортын дамытуға тың серпін береді. Өңірде ескек есу спортынан мықты команда бар. Қазақтың жастары Түркістанда шеберліктерін шыңдап, халықаралық додаларға қатысатын болады. Бұл жобаға республикалық деңгейде көңіл бөлініп отыр. Сондықтан сапалы әрі заман талабына сай болуы тиіс, – деді Өмірзақ Шөкеев.
100 гектардай аумақты алып жатқан базада ескек есу, академиялық есу және өзге де спорт түрлері қанат жаяды. Сонымен бірге бұл нысан туристерді тартатын орталыққа да айналмақ. Кәсіби спортпен қатар каналда қайықпен серуендеп, демалыс өткізуге болады. «Кеңсай-Қосқорған» су қоймасынан су келіп, жоба жүзеге асады. Ал ескек есу базасындағы су Түркістан қаласының климатын өзгерту, жасыл алқапты көбейтуге де қолданылмақ.
Түркістаның жазы өте ыстық келеді. Бұл — жағажай туризмін дамытуға мүмкіндік береді. Бұрын қала аумағында бірнеше бассейннен басқа шомылатын жер тапшы болатын. Енді шаһар жаңа жасанды көлмен және жағажаймен қамтылады. Қалада «Түркістан» туристік-рекреациялық орталығының құрылысы жалғасып жатыр. Жасанды көлдің дамбалары орналастырылып, бетон құю жұмысы аяқталған. Туристік орталық маңы абаттандырылып, ағаштар егіледі. Жағажайға құм төселіп, демалысқа арналған нысандар салынады. Облыс әкімі мердігерлер мен жауапты басшыларға құрылысты сапалы әрі уақтылы тапсыруды жүктеді.
______
КАЗАХСТАНСКИЕ СПОРТСМЕНЫ БУДУТ ТРЕНИРОВАТЬСЯ НА ГРЕБНОЙ БАЗЕ В ТУРКЕСТАНЕ
В Туркестанской области приближается сезон занятий водными видами спорта и старт пляжного туризма. В мае в областном центре планируют запустить воду в новый гребной канал и туристско-рекреационный центр «Туркестан» и проверить их работу. Аким области Омирзак Шукеев посетил строительные объекты и ознакомился с ходом работ.
— Решена проблема поставки сточных вод в Туркестан, реализуются важные проекты. Гребной канал придаст новый импульс развитию водного спорта. В регионе сильная команда по гребле. Казахстанская молодежь будет развивать свое мастерство в Туркестане и участвовать в международных соревнованиях. Этому проекту уделяется большое внимание на республиканском уровне, поэтому он должен быть качественным и отвечать современным требованиям, — сказал глава региона.
На новой базе площадью в 100 гектаров будут заниматься греблей, академической греблей и другими видами спорта. Также она станет центром притяжения туристов. Наряду с профессиональным спортом, на канале можно будет покататься на лодке, провести здесь отдых. Когда из водохранилища «Кенсай-Коскорган» пустят воду, проект начнет свою реализацию. Воду на гребной базе планируют использовать и для улучшения климата Туркестана и увеличения площади зеленых насаждений.
Жаркий климат Туркестана позволяет развивать пляжный туризм. Раньше на территории города было лишь несколько бассейнов, мест для купания катастрофически не хватало. Теперь в областном центре будет новое искусственное озеро и пляж.
Продолжается строительство туристско-рекреационного центра «Туркестан». Уже устроены дамбы искусственного озера, завершены работы по заливке бетона. Территорию центра благоустроят, высадят здесь деревья, пляж усыпят песком, построят объекты для отдыха.
Аким области поручил подрядчикам и ответственным руководителям обеспечить качественную и своевременную сдачу объекта.

 


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.