«ҚазАвтоЖол» АҚ Түркістан облысы бойынша филиалынан Республикалық маңызы бар автомобиль көлік қозғалысына
шектеу қою туралы

2022 жылдың 30 қарашасында Астана қаласы уақытымен 21 сағат 40 минуттан бастап, Түркістан облысы ауа-райының нашарлауына байланысты (ауа температурасының төмен жағдайында қар аралас жаңбыр жаууда, көктайғақ) республикалық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1803-2057 шақырым аралығына (Қызылорда қаласынан Түркістан облысының шекарасына дейін) барлық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.

 

Сыр құтқарушысының бейнесі

БӨЛІМНІҢ МЫҚТЫ СПОРТШЫСЫ

Төтенше жағдай қызметі – еліміз үшін маңызды саланың бірі. Құтқарушылар кез-келген жағдайда адам өмірін қауіптен қорғап, түрлі жағдайдың алдын алады. Жауапкершілігі зор саланың қызметкерлеріне жүктелетін міндетті абыроймен атқарып келе жатқан азаматтардың бірі – Нұрлан Каримов.
Әріптесіміз №12 Өрт сөндіру бөлімінде 2018 жылдан бері қызмет атқарады. Қызметіне адалдық танытып, өзгелерге үлгі болып жүрген 32 жастағы өрт сөндіруші саламатты өмір салтын ұстанып, спортты жанына серік еткен.
Аудан орталығындағы №36 Ә.Тәжібаев атындағы орта мектепте оқып, тоғызыншы сыныпты бітірген соң Қызылорда қаласындағы Кооперативтік колледжде заңгер мамандығын алған Нұрлан Салманұлы Отан алдындағы борышын Өскеменде өтейді. 2009 жылы «Маханшы – 2086» әскери бөлімшеде аға кинолог қызметін меңгеріп, 2010 жылы кіші сержант шенімен туған елге оралады. Әскери борышын өтеген азамат Қазтұтынудағы Қарағанды экономикалық университетке оқуға түсіп, 2013 жылы жоғары білімді заңгер мамандығын алады.
Спортқа деген әуестігі мектеп оқушысы кезінде қалыптасқандықтан алғашқы жаттықтырушысы Пазылхан Абдулпаттаев Нұрланды футболдың қыр-сырына үйретеді. Жас спортшының жігерін жанып, түрлі жарыстарға апарады. Кейін жоғарғы сыныпта оқып жүргенде спорт шеберлігіне үміткер болып, футболға деген әуестігі кәсіби дағдыға айналады.
– Бала кезімізде футболды жақсы көрмейтін жігіт болмайтын. Кешкісін спорт алаңына барып, команда құрып, футбол ойнаймыз. Ойын ережесін үйреніп, командада ойнауға машықтанамыз. Жаттығудан қалмаймыз. Ойында ұтылсақ, одан сайын жігерленіп, келесі жолы басым болуға барымызды саламыз. Бала кезімнен келе жатқан хоббиім футбол десем болады. Ауданның мықты жаттықтырушылары Пазылхан Абдулпаттаев пен Бақытжан Ахметов өзіне шәкірт етті.

Қазір де қызметте жүрсек те, апта сайын спорт алаңынан табылуға тырысамыз, – дейді әріптесіміз Нұрлан Каримов.
Спорт шебері атағын 2018 жылы алған Нұрлан Салманұлы соңғы 11 жылдан бері «Тереңөзек» құрама командасында ойнайды. Сонымен қатар өрт сөндіру бөлімінде футбол командасының капитаны. Команданың жетекшісі ретінде спортшылардың жаттығуын, дайындығын қадағалайды. Апта сайын сәрсенбі және жұма күндері спорт залында жаттығып, футбол ойнайтын өрт сөндірушілер бірнеше жыл қатарынан Сырдария ауданы әкімінің кубогі үшін жарыста жүлдегер атанды. Бас аяғы 7 кубокті еншілеген команданың 10 ойыншының ең үлкені Нұрланның өзі болса, жасы кішісі 24 жастағы Нұрсұлтан Әбухас.
Нұрлан Каримов – әке жолын жалғаған ұлағатты ұл. Әкесі – Салман Каримов өрт сөндіру бөлімінде 28 жыл жұмыс істеп, командир болған сала ардагері. Нұрланның інісі Ғазиз де әкесі мен ағасының жолымен осы бөлімде жүргізуші болып қызмет етеді.
Ауданның төтенше жағдай қызметінде абыроймен қызмет атқарып келе жатқан әріптесіміз үлгілі отбасының отағасы. Жұбайы Сәния Тайманова – бастауыш сыныптың мұғалімі. Екеуі ұл, қыз тәрбиелеп отыр.
Әріптесіміздің салауатты өмір салтын насихаттау жолында сүйікті хоббиі болған футболды жанына серік еткеніне жиырма жылдан асты. Осы уақыт аралығында жеңіс тұғырынан бірнеше рет көрінген спортшымыз әлі талай намысты қолдан бермесіне сенім мол.

Салтанат Жалмұхамедова, Арыс ауданы ТЖБ аға инженері

«ҚазАвтоЖол» АҚ Түркістан облысы бойынша филиалынан Республикалық маңызы бар автомобиль көлік қозғалысына
шектеу қою туралы

2022 жылдың 30 қарашасында Астана қаласы уақытымен 20 сағат 45 минуттан бастап, Қызылорда облысы ауа-райының нашарлауына байланысты (ауа температурасының төмен жағдайында қар аралас жаңбыр жаууда, көктайғақ) республикалық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1803-1912 шақырым аралығына (Арыс қаласынан арыс ауданы Бәйгеқұм ауылына дейін) барлық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.

 

Сыр құтқарушысының бейнесі

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ — СҮЙІКТІ ІСІ

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде елгезек, елжанды, өз ісіне жауапты жастар мен мамандар жеткілікті. Солардың бірі азаматтық қорғау капитаны Тұрсынбаев Олжас Тұрсынбайұлы. Ол Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасында 2019 жылдан бастап қызмет атқаруда. Басқарманың бас маманы ретінде қызметпен қатар қоғамдық жұмыстарға да белсене атсалысушы. Сондай қоғамшылдығы үшін бірнеше рет облыстық, республикалық деңгейдегі алғыс хатпен, медальмен марапатталған.
Әңгіме барысында Олжас Тұрсынбайұлы: «Мен үшін ең биік марапат 2021 жылғы 28 сәуірде Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен берілген «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалі. Ал, анашымның шексіз қуанышын «Офицердің анасы» кеуде белгісін алғанда көрдім. Осы марапаттар маған халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында ел игілігі үшін аянбай тер төгуіме үлкен жауапкершілік пен зор сенім жүктеді». Бұдан бөлек өзімнің сүйікті ісім (хоббиім) еріктілермен бірге қайырымдылықпен айналысу, еріктілік демекші, «Қызылорда еріктілері» және «Ізденіс жолы» қоғамдық қоры жанынан құрылған «Глобус» еріктілер тобымен, Қызылорда «Фронт-Офиспен» бірге көмекке мұқтаж жандарға жәрдемдесу жұмыстарын пандемия кезінде және одан кейінгі кезеңде өз ынтаммен атқардым. Осы ретте жеке хоббиім ретінде таңдауымның себебі — көп балалы отбасында дүниеге келгендіктен болар, көпшілмін, еңбек еткенді жақсы көремін. Ата-анамыз жастайымыздан еңбекке және мейірімділікке баулып өсіргендіктен адам жанының нұры болып табылатын қайырымдылықтан рахат пен ләззат аламын. Жалпы хобби кез-келген адамның психикалық денсаулығын күтуі үшін де қажет, өйткені бұл сізді күнделікті қарбалас, қым-қуыт, бірқалыпты қарадүрсін қайталанып отыратын тіршілік-өмірден ажыратып, жан қалауы ұнататын нәрсені жасауға мүмкіндік береді. Оған қоса әлдекімге көмек бергенде немесе құтқару іс-шараларына атсалысқанда сол адамның жүзіндегі қуанышын көру жанымды жадыратады, мен үшін үлкен мәртебе,-дейді ол.

Айгүл Нұрманова, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Сыр құтқарушысының бейнесі

«Білім — кітапта»,-дейді азаматтық қорғау подполковнигі Еркін Есетұлы

Қармақшы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі Назарқұлов Еркін Есетұлы, 1982 жылы 3 ақпанда Түркістан облысы, Қармақшы ауданында дүниеге келген. №250 мектеп-лицейден орта білім алды. Мектеп-лицейді бітірген соң Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Отар-2 стансасында орналасқан Қарулы күштері қатарында болып, Отан алдындағы әскери борышын өтеп, 2001 жылы елге оралды. Өзінің қызмет жолын 2003 жылы «ӨСжАҚЖҚ» ММ-нің Қармақшы ауданы №5 өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіруші болып бастаған. 2008-2011 жыл аралығында қарауыл бастығы қызметін атқарған. 2010 жылы ҚР ТЖК Көкшетау техникалық институтының әскери іс және қауіпсіздігі «өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітірген. 2011 жылдан бастап Қармақшы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінде қызмет етуде. Отбасылы, 4 бала тәрбиелеп отыр.
Қызметін атқару барысында және әріптестерінің арасында Е. Назарқұлов өзін сауатты, принципті, адал, бастамашыл маман ретінде жағымды жағынан көрсетті. Қызметтік міндетіне жауапкершілікпен қарап, өз білім деңгейін үнемі көтеріп, ҚР заңдарын, нормативтік-құқықтық актілерді меңгере отырып, білікті маман ретінде өзін көрсете білді. Әрқашан сыпайы және мәдениетті маман. Әскери тұрғыда жинақы және ұйымдастырушылық қабілетке ие.
«Спорт — денсаулыққа пайдалы, көтеріңкі көңіл-күйдің кепілі»,-спортты сүю бала кезден бойға сіңді. Отбасымыздың мүшелері ылғи әскери мекемеде қызмет етушілер болғандықтан, әке тәрбиесі спортты да жанымызға серік еткізді. Е. Назарқұлов өзінің әріптестерімен бірлесіп, түрлі спорттық-мәдени- көпшілік іс-шараларына қатысып, оң нәтижелерге ие болды. Қызмет барысында көптеген өрт сөндіру және авариялық-құтқару және төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жұмыстарына атсалысқан. «Сүйікті хоббиларымның бірі — таңғы уақытта жүгіру, ол бұлжымас қағида.

Сонымен бірге рухани азығымды байытатын әдеби-тарихи кітаптарды оқығанды жаным сүйеді, ең қызығып, қайталап оқитын кітаптарым: М.Әуезовтің «Абай жолысы», «Көксерегі», Б. Соқпақбаевтың: «Менің атым -Қожасы», Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен тері»- дейді ол. Оған қоса Шыңғыс Айтматовтың «Ақ кемесі», Жетіскен Мәкенұлының «Бекарыстан биі», Митчел Уилсонның «Жизнь во мглесі», Өтеген Есмырзаұлының «Есет батыр Көкіұлы» атты кітаптардың кейіпкерлері ой салды, қызығып оқыдым.

Нұрсұлтан Едігеев, Қармақшы ауданы ТЖБ инженері

Объектілерде қызметкерлердің өрт кезіндегі алғашқы іс-қимылы

Қармақшы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі мен № 10 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Қармақшы аудандық емханасына, Агротехникалық колледжіне, аудандық білім бөліміне қарасты 7 орта мектептеріне, Халыққа қызмет көрсету орталығына, аудандық спорт бөліміне және аудандық архив бөлімінің қызметкерлеріне объектілерде өрт кезіндегі алғашқы іс-қимыл алгоритмі жөнінде семинар өткізіліп, лекциялар оқылды. Іс-шара барысында мекеме қызметкерлеріне бейнероликтер және презентация көрсетіліп, алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану және ғимараттардың өрт қауіпсіздігі жағдайын күтіп ұстау туралы кеңінен түсіндірілді.

Қармақшы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

Көмірқышқыл газына уланудың алдын алу

Қармақшы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі мен № 8, 10 өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері өрттің және түрлі төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Төретам кенті, Алдашбай ахун, III — Интернационал, Ақай, Қорқыт стансасының тұрғындарына жылыту маусымында көмірқышқыл газына уланудың алдын алу, тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігi шаралaрын сақтау, балалардың отпен ойнауына жол бермеу және балаларды қараусыз қалдырмау туралы түсіндіріп, арнайы дайындалған жадынамаларды таратты.

Қармақшы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

Дабылды ескерту

«Қазгидромет» РМК Түркістан облысы бойынша филиалының хабарлауынша 30 қарашада Түркістан облысында жел солтүстік-шығыстан батысқа ауысып соғады, күндіз облыс орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.

 

Өрт сөндіру бекеттерінің ашылуы өтті

Қармақшы ауданының Дауылкөл және Ақтөбе ауылдық округтерінде өрт сөндіру бекеттерінің ашылуы өтті. Ашылу салтанатына Қармақшы ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Ө. Сақтабаев және ауылдық округтің әкімдері қатысты.

Қармақшы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

 

Балықшыларға қауіпсіздік қағидасы түсіндірілді

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасы, Жедел құтқару жасағының қызметкерлері бірлесіп қала аумағында орналасқан су айдындарында балықшыларға үнпарақтарды таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Түркістан облысы ТЖД

Өрт — тілсіз жау!

Арыс қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы мен өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері өрттің және түрлі төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша Баймұрат ауылы тұрғындарына жылыту маусымында көмірқышқыл газына уланудың алдын алу, тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігi шаралaрын сақтау, балалардың отпен ойнауына жол бермеу және балаларды қараусыз қалдырмау туралы ескертіліп, арнайы дайындалған жадынамаларды таратты.

Арыс қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы

Ақпарат

2022 жылдың 27 қарашасында сағат 22-ден 50 минут өткенде облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің Дағдарыс жағдайларында басқару басқармасына Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, М. Шәменов көшесі №124, қатты желдің әсерінен (Қазгидрометтің деректері бойынша екпіні 15 м/с) №201 «Әл-Фараби атындағы мектеп лицейінің» 3 қабатты ғимаратының шамамен ауданы 100 шаршы метр (1988 жылы салынған, шатыры — темір профлист, 2020 жылы күрделі жөндеуден өткен) шатыры ұшып жерге құлағаны жөнінде ақпарат түсті. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына шыққандар: Төтенше жағдайлар департаментінен (1 қызметкер), жергілікті атқарушы орган мамандары (4 адам 1 бірлік техника).
Облыс тұрғындары мен қонақтарына! Көшеде қауіпсіздік мінез-құлық ережелерін сақтауды, желді және қолайсыз ауа-райында мүмкіндігінше алыс жолға шықпауды, тұрмыстық қоқыстарды өртемеуді, электр-пеш қондырғыларының қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз.

Түркістан облысы ТЖД

 

АВТОКӨЛІК ӨРТІНЕН САҚ БОЛ!

Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы, Полиция қызметкерлері автокөліктегі өрттің алдын алу үшін «Автокөлік» акциясын ұйымдастырып, автокөлік көп шоғырланатын «Автовокзал» аумағында орналасқан жолаушыларды тасымалдайтын такси және автобус жүргізушілеріне автокөліктегі қауіпсіздік талаптары жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Арыс қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы

Өрт сөндірушілер байқауы өтті

Қызметтік борышын орындау және адамдар өмірін құтқару кезінде қаза тапқан азаматтық қорғау капитаны Асқар Серікұлы Забикулиннің ерлігі әр қайсысымыздың жадымызда. Марқұм болған әріптесімізді еске алуға арналған және Арыс қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып жатқан “Самғау” номинациясы және 100 мың теңге қаржылай сыйақы беру үшін «Үздік өрт сөндірушіні» анықтаудамыз. Бұл жарыста нағыз кәсіби білікті, физикалық шыңдалған қызметкер ғана “Самғау” номинациясын жеңіп алады. Алайда нағыз төтенше жағдай немесе өрт оқиғасы кезінде өз қорқынышын жеңіп, өзгенің өмірі үшін жан ұшырып өліммен бетпе-бет келген әрбір қызметкеріміз құрметке лайықты. Тартысты өткен шарада кіл жүйрікте кім жүйрікті анықтау қиынға түсті. Барлығы да кәсіби дайындығы мықты құтқарушылар. Жарысқа қаладағы өрт сөндіру бөлімдерінен 12 қызметкер бақ сынады. Үздік нәтиже көрсеткен №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау аға сержанты Әлиев Құрманғазы жеңіске жетті.

Түркістан облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі»

«Қыс – 2022»  республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының «III-кезеңі»(практикалық)

Түркістан қаласы, Ақмаржан мөлтек ауданында өткізілді. Аталған практикалық іс-шара сағат 16:00 шамасында шартты түрде Қызылорда қаласы, Құлымбетов көшесімен келе жатқан ГАЗ-53 жүк автокөлігінің жүршізушісі басқару руліне ие бола алмай газ жүйесіндегі “ЖҚ-160 мм” ажыртақыш кранына соғып жол-көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан өрт оқиғасы орын алып, газ жүйесіне зақым келіп, сол аумақтағы 115 тұрғын үйгаз жүйесінен ажыратылып, газ беру тоқтатылды.
Төтенше жағдай аймағында 580 адам бар, оның 85 қарт-қария 194 ересек адам, 159 жасөспірім мен 142 бала.
Оқу-жаттығудың тапсырмасы бойынша: төтенше жағдай аумағын қоршауға алу, қоғамдық тәртіпті орнату, өрт ошағын оқшаулау, зарадап шеккен адамға медициналық көмек көрсетіп, стационарлы мамандандырылған медициналық оратлығына жөнелту, төтенше жағдай аймағындағы тұрғындарды құлақтандырып, тіршілікпен қамтамасыз ету, газ жүйесін қалпына келтіру  жұмыстары жүргізілді.  Жалпы іс-шараға 17 бірлік техника, 64 адам жұмылдырылды.
«Қыс – 2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы кезінде берілетін басқару шартты белгілерінің тізбесіне сәйкес, шартты белгілер қабылданып, АҚ пен ТЖ-дың қызмет басшыларына, мекеме, кәсіпорын және ұйым басшыларына жеткізілді.

Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы

«Қыс – 2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының III-кезеңі (практикалық)

Арыс қаласы, Ақмаржан мөлтек ауданында өткізілді. Аталған практикалық іс-шара сағат 16:00 шамасында шартты түрде Қызылорда қаласы, Құлымбетов көшесімен келе жатқан ГАЗ-53 жүк автокөлігінің жүршізушісі басқару руліне ие бола алмай газ жүйесіндегі “ЖҚ- 160 мм” ажыртақыш кранына соғып, жол-көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан өрт оқиғасы орын алып, газ жүйесіне зақым келіп, сол аумақтағы 115 тұрғын үй газ жүйесінен ажыратылып, газдың берілуі тоқтатылды.
Төтенше жағдай аймағында 580 адам бар, оның 85 қарт-қария 194 ересек адам, 159 жасөспірім мен 142 бала.
Оқу-жаттығудың тапсырмасы бойынша: төтенше жағдай аумағын қоршауға алу, қоғамдық тәртіпті орнату, өрт ошағын оқшаулау, зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетіп, стационарлы мамандандырылған медициналық орталығына жөнелту, төтенше жағдай аймағындағы тұрғындарды құлақтандырып, тіршілікпен қамтамасыз ету, газ жүйесін қалпына келтіру  жұмыстары жүргізілді.  Жалпы іс-шараға 17 бірлік техника, 64 адам жұмылдырылды.
«Қыс – 2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы кезінде берілетін басқару шартты белгілерінің тізбесіне сәйкес, шартты белгілер қабылданып, АҚ пен ТЖ-дың қызмет басшыларына, мекеме, кәсіпорын және ұйым басшыларына (тізім бойынша) жеткізілді.

Арыс қаласы ТЖБ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.