Төлеби ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен Төлеби ауданы Зертас ауылы Еламан Сауран көшесі №9 мекен жайда орналасқан Зертас мәдениет үйінің ғимаратындағы №755 сайлау учаскесінде 25 сайлау учаскесінің төрағалары мен комиссия мүшелерінің қатысуымен жиналыс өткізілді.
Жиын барысында бөлімнің инженері азаматтық қорғау аға лейтананты Р.Каюпов сайлау учаскелерінің төрағаларына сайлау өтетін орындардағы өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырып, нұсқама берді.

 

2022 жылғы 11 қарашада Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Түркістан облысының тұрғындарымен кездесу өткізіп, одан кейін азаматтарды жеке қабылдауын өткізеді (жеке қабылдауға алдын ала жазылу келесі нөмір бойынша жүзеге асырылады 8/75233/58304, gdo_dchs_turk@emer.kz).

🔶Түркістан облысының қалалары мен аудандарының тұрғындары да шараға онлайн түрде қатыса алады. Отырыстың трансляциясы қала және аудан әкімдіктерінің ғимараттарынан бейнеконференцбайланыс арқылы қолжетімді болады.

🔶Сонымен қатар, кездесу ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

🔶Отырыс аяқталған соң, Төтенше жағдайлар министрі брифинг өткізіп, Министрліктің қызметі туралы журналистердің сауалдарына жауап береді (журналистерді тіркеу 87763340423, 87071718788 нөмірі бойынша жүргізіледі).

 

Қайғылы оқиғалар пешті жағу ережелерін бұзу және өмір мен денсаулықты сақтауға мүнкіндік беретін қарапайым қауіпсіздік ережесін сақтамау салдарынан туындайды екен. Аудан тұрғындарды ескерту мақсатында Отырар ауданы Төтенше жағдайлар бөлімімен №9-ӨСБ-мен №30-ӨСБ-нің қызметкерлерімен бірлесіп Отырар ауданы аумағында рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Шәуілдір ауылы, Көксарай ауылы, Маяқұм ауылы Балтакөл ауылы ауылдарының тұрғын үйлерін аралады.Жұмыс барысында өрт сөндірушілер тұрғындарға өз қауіпсіздіктеріне жете көңіл бөлу керектігін ескертті.Сондай-ақ «Тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі», «Улы газдан сақтану» бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Аудан тұрғындарына арнайы әзірленген жандынама қағаздары таратылды.

 

Өрт қауіпсіздігі және Улы газдан уланудың алдын алу

2022 жылы 08 қараша күні Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері, № 6 ӨСБ –нің қызметкерлері, Қарамұрт ауылында «Өрт қауіпсіздігі» және «Улы газдан уланудың алдын алу» бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізді.

 

Жылыту маусымында өрттен абай болыңыздар!
Ордабасы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекенінде орналасқан, Ордабасы ауданының жергілікті сайлау учаскілерін тексеріп, үгіт насихат, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл өрт қауіпсіздігі саласындағы ең ауыр қиындықтардың біріне айналып отыр. Жылыту құралдары мен пештерді пайдаланудың ережелерін сақтай отырып, қайғылы жағдайларға жол

 

үлкібас ауданының кезекті төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия мүшелерінің отырысы өтті.

2022-2023 жылғы қысқы кезеңдерде Төтенше жағдайларды алдын-алу.

Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен ТЖЖК отырысы өтті.Түлкібас ауданының Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия мүшелері, ауыл округі,кент әкімдері, Республикалық,облыстық ,аудандық маңызы бар жолдарға қызмет көрсететін мердігер мекеме басшылары, бір қатар тиісті мекемелер қатысты.
Күн тәртібінде: 1. Республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында 2022 – 2023 жылғы қыс мезгілінде көлік қатынасының үзілмеуін және төтенше жағдайын орын алмауын қамтамасыз ету мақсатындағы дайындық шаралары туралы.
2. 2022 – 2023 жылғы қыс маусымында аудан тұрғындарын, мекемелерді үздіксіз табиғи газбен, жылумен, электр қуатымен, және қауіпсіздік іс – шараларының орындалуы туралы.
3. Су тасқынын алдын алу Машат ауыл округі, Зират қорымына және шаруа қожалықтарының жер телімдері шайылуы қаупін алдын алу мақсатында, Арыс өзені арнасын бұру туралы.
4. Газдан уланудың алдын алу туралы мәселелер қаралды.
1 мәселе бойынша: Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А. Бейсеев өз баяндамасында Республикалық,облыстық ,аудандық маңызы бар жолдарға қызмет көрсететін мердігер мекеме Техникалары саны, минералды қорларының көлемі, Жылыту пунктерінің дайындығы туралы айтып өтті. Кестеге сәйкес жолдарға қызмет көрсететін мекемелердің базасын комиссиямен қарап шығу тапсырылды.
2 мәселе бойынша: Аудандық Оңтүстік Жарық ЖШС Түлкібас филиалы басшысы А. Досов, Газ шаруашылығы басшысы Б. Балтабаев баяндама жасады. Барлық мекемелерге электр қуаты мен табиғи газ тұрақты дайындыққа келтірілген ескертті.
3 мәселе бойынша: Құжаттары түгендеп комиссияның қарауына ұсынды.
4 мәселе бойынша: Жылыту маусымында ирандық үлгідегі камин пештерін қолдануға қатаң тиым салу үгіт насихат жұмыстарын жүргізу АТЖБ, №2 МӨСБ, АПБ, ауыл округі,кент әкімдері, Газ шаруашылығы қызметкерлеріне тапсырылды.

 

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫ АУМАҒЫНДА ОРНАЛАСҚАН ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРГЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ:

Жетісай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі тарапынан аудан аумағында орналасқан тұрғын үйлерге бөлім қызметкерлері және Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен тұрғындарға жылыту маусымы кезіндегі қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылды.

 

Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері жылыту маусымына орай газ инспекция мамандары мен бірлесе отырып күнделікті қала тұрғындарына өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында рейдтік жұмыстары жүргізіліп жадынама парақшалары таратылуда.

 

2022-2023 жылдардарға жылыту маусымында тұрғын үй секторларында өрт қауіпсіздік профилактикасын жүргізу іс-шаралар.
2022 жылыдң 7-қараша күні Кентау қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі және №12 ӨСБ жеке құрамымен бірлесіп Кентау қаласына табиғи газ тартылмаған, тұрғын үйлердің жылыту пештерін қатты отынмен (көмір) жағады. Сондықтан түсіндірме жұмыстары көмірқышқыл газымен улану, жылыту пешін жағарда құбырды тазалау өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау тақырыптарында тұрғындарға үгіт-насихат түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Апта сайын түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жадынама парақшалары тұрғын үйлерге таратырылуда.

 

2022 жылдың 3 қараша күні Сайрам ауданындағы №6 өрт сөндіру бөлімі, №17, №23 өрт сөндіру бекеттерінің қатысуымен Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, Ақсу-Қарабұлақ тас жолы бойында орналасқан мұнай өнімдерін сақтайтын «Сункар Онимдери» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қоймасында өрт тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Оқу-жаттығу жұмыстарына 12 бірлік техника, 70 жеке құрам жұмылдырылды.

 

2022 жылдың 3 қараша күні өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамының қатысуымен Түркістан қаласы, Тәуке хан даңғылы №188/3 мекенжайда орналасқан «Қуаныш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі базарында шартты түрдегі өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу жиыны өткізілді

 

2022-2023 жылдардағы жылыту маусымына арналған профилактикалық іс-шаралар жоспарының орындалу мақсатында Төлеби ауданы Ленгір қаласындағы Қ.Дүйсемұратұлы және Базар көшелері бойындағы 2 қабатты көп пәтерлі тұрғын үйлерде жүргізілген рейдтік іс-шарасы!

 

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық — құтқару жұмыстары қызметі (Түркістан қ.)» мемлекеттік мекемесі азаматтық қорғау қызметкерлерінің бос лауазымдарына қызметке құжаттарды қабылдау жүргізеді

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2022 жылғы 07-15 қараша күндері.
Құжаттарды қабылдау орны: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, «Жаңа қала» ықшам ауданы, 13-көше, 23-құрылыс, «Түркістан облысы Төтенше жадайлар депртаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, 317 кабинет. Анықтама нөмірі: 8 778 501 2051
Лауазым: Өрт сөндіру автокөліктерін жүргізуші-қызметкер (C-SV-13) – 5 бірлік, оның ішінде: Ордабасы ауданы, Темірлан ауылындағы №8 өрт сөндіру бөлімі — 1 бірлік, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылындағы № 10 өрт сөндіру бөлімі — 1 бірлік, Кентау қаласындағы №12 өрт сөндіру бөлімі — 1 бірлік, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылындағы № 23 өрт сөндіру бекеті — 1 бірлік, Сауран ауданы, Шорнақ ауылындағы №24 өрт сөндіру бекеті — 1 бірлік.
Қойылатын талаптар: Отыз бес жастан аспаған, әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткен (қатардағы құрам) азаматтар, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар, кемінде орта білімі бар болуы қажет. «В», «С» дәрежелі жүргізуші куәлігінің болуы тиіс.

Толық ақпаратты фейзбук парақшамыздан көре аласыздар.

Государственное учреждение Служба пожаротушения и аварийно — спасательных работ Департамента по чрезвычайным ситуациям Туркестанской области Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан (г. Туркестан) проводит прием документов на вакантные должности сотрудников гражданской защиты

Срок приема документов: с 07 по 15 ноября 2022 года.
Место приема документов: Туркестанская область, г. Туркестан, микрорайон «Жаңа қала», улица 13, строение 23, Государственное учреждение «Служба пожаротушения и аварийно — спасательных работ Департамента по чрезвычайным ситуациям Туркестанской области», кабинет 317

Справочный номер: 8 778 501 2051.
Должность: водитель-сотрудник пожарных автомобилей (C-SV-13) – 5 ед., из них: пожарная часть №8 села Темирлан Ордабасинского района-1 ед., пожарная часть №10 села Шаян Байдибекского района – 1 ед., пожарная часть №12 города Кентау-1 ед.; пожарный пост №23 села Карабулак Сайрамского района – 1 ед., пожарная часть №24 села Шорнак Сауранского района – 1 ед.
Квалификационные требования: Не старше 35 лет, прошедшие воинскую службу или военную подготовку в специализированных организациях Министерства обороны по подготовке военно-обученного резерва (рядовой состав), а также граждане, освобожденные или имеющие отсрочку от призыва на срочную воинскую службу в соответствии с законодательством Республики Казахстан, имеющие образование не ниже среднего. Наличие водительских прав категории «В», «С».

Подробную информацию можете посмотреть на странице Фейсбук.

Пресс-служба
ГУ «СПиАСР»
ДЧС Туркестанской области

 

2022-2023 жылдардағы жылыту маусымына арналған профилактикалық іс-шаралар жоспарының орындалу мақсатында Төлеби ауданы Ленгір қаласындағы Қ.Дүйсемұратұлы және Базар көшелері бойындағы 2 қабатты көп пәтерлі тұрғын үйлерде жүргізілген рейдтік іс-шарасы!

 

Кентау қаласында орналасқан қатты отынмен жағатын үйлерге үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде.

2022 жылыдың 4-қазан күні Кентау қаласының ТЖБ және №12 ӨСБ қызметкерлерімен бірлесіп, Кентау қаласынң тұрғындарына жылыту маусымында болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын-алу мақсатында тұрғындарға пештің құбұрларын тазалап тексеру керектігін және электр құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау тұрмыстағы газды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша айтып түсіндірі. Сонымен қоса Төтенше жағдайлар бөлімінің тарапынан шығарылған 2000 дана жадынамалар таратылуда.

 

МАҚТААРАЛ АУДАНЫ АУМАҒЫНДА ОРНАЛАСҚАН ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРГЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ:

Мақтаарал ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі тарапынан аудан аумағында орналасқан тұрғын үйлерге бөлім қызметкерлері және Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен тұрғындарға жылыту маусымы кезіндегі қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылды. Бөлім инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Д.Жұмашов тарапынан «Санұр ТВ» қоғамдық телеарнасына сұхбаттар берілді.

 

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Түркістан қаласы)» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі-Қызмет) 2022 жылғы 22 қазандағы өрт сөндіру бөлімдері арасында облыстық байқау «Үздік газтүтіннен қорғау қызметінің буыны» өткізу туралы №124 бұйрығына сәйкес қызметтің өрт сөндіру бөлімдері арасында 2022 жылғы 28 қазан күні Қызметтің Түркістан қаласындағы №1 МӨСБ-нің ауласында «Үздік газтүтіннен қорғау қызметінің буыны» байқауы өткізілді.
Байқау қорытындысы бойынша:
«Үздік газтүтіннен қорғау қызметінің буыны» байқауына 3 МӨСБ және 11 ӨСБ қатысты.
«Үздік газтүтіннен қорғау қызметінің буыны» атағын Қызметтің Түркістан облысы Түркістан қаласындағы №39 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің газтүтіннен қорғаушылары иеленді;
«Үздік қауіпсіздік бекеті» атағын Қызметтің Түркістан облысы Шардара қаласындағы № 4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі азаматтық қорғау кіші сержанты Бабыр Әмірбекұлы Құметов иеленді.

 

Арыс ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі жылыту маусымы бойынша үйлерді аралап, жадынамалар таратылып, түсіндірме жұмыстары ұдайы және қарқынды жүргізілуде.

Қазығұрт ауданы аумағында жылу беру маусымында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, адамдардың улы газбен улану мен жарақаттануларын алдын алу бойынша Қазығұрт ауданының төтенше жағдайлар бөлімі және Қазығұрт ауданындағы №28 өрт сөндіру бекеті қызметкерлерімен 2022 жылдың 01 қараша күні Қазығұрт ауданы Қ.Абдалиев ауыл округіндегі 264 тұрғын үйлер араланып, 996 адамға өрт қауіпсіздік ережелері туралы түсіндіріліп жадынамалар таратылып берілді. Тұрғындарға төмендегі өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау ұсынылды:
— Үйлерде пештерін тексеруін және жөндеуін жылу беру мерзіміне дейін өткізу;
— Жылу беру мерзімінің басында және де 2 айда 1 рет барлық жылу мезгілінде пештерді және мұржаларды күйеден тазалау қажет;
— Шатырдың астындағы барлық түтін өтетін арналардағы дуалдарды және үйдын мұржасын әктеліп шығу қажет;
— Ауа тазартқыш және газ арналарын мұржа қылып қолдануға болмайды;
— Бөлмені ауамен тазарту, таза ауаға жиі шығу, қозғалтқышы істеп тұрған автокөлікте ұйықтамау қажет.

 

Ағымдағы жылдың 2 қараша күні Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының ұйымдастыруымен Түркістан қалалық балалар ауруханасында
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 шілдедегі
№494 «Халыққа және азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру,
ілімді насихаттау, оқыту қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес
«сейсмикалық жаттығуларды дайындау және өткізу» тақырыбында жиналыс
өткізілді. Жиналыс барысында мекеме қызметкерлеріне оқу-жаттығудың
өткізу тәртібі түсіндіріліп, арнайы әзірленген жадынама парақшалары
таратылды.

 

Ордабасы ауданының ТЖБ қызметкерлері жылыту маусымына байланысты тұрғын-үй секторларын аралап, жылыту құралдарын пайдалану кезінде табиғи және улы газбен улану оқиғаларының алдын алу және тұрмыстық өрттерді болдырмау мақсатында, Ордабасы ауданының тұрғындарына рейд жүргізу барысында үй иелеріне электр желілерін пайдалануға байланысты бұзушылықтардың қаншалықты қауіпті екенін,сондай-ақ тұншықтырғыш және табиғи газбен улану оқиғаларының алдын алу шараларын түсіндіріп Ордабасы ауданы ТЖБ жылыту маусымы кезеңінде қауіпсіздік ережелерін кезекті рет еске салады:
— Жылыту маусымы алдында пештің ақаулы жерлерін және жүйелерін жөндеп үнемі бақылауда ұстау керек.
— Бірінші кезекте шатырдан өткен мұржа жүйесін мұқият тексеріп саңылау бар жерлерді бітеу керек.
— Мұржаның ішкі жүйесін жиналған қоқыстан тазалап тексеру керек.
— Бұзылған электр құралдарды қолданбаңыз.
— Бір уақытта желіге екі немесе оданда көп электр құралдарын (шамдар,плиталар,үтіктер,және т.б.) қосуға болмайды.
Және де Ордабасы ауданының Төтенше жағдайлар
бөлімінің тарапынан шығарылған 2000 дана жаднамалар таратылды.

 

Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігін сақтау және Улы газдан уланудың алдын-алу іс-шаралары.

Кентау қаласының ТЖБ және № 12 ӨСБ қызметкерлерімен бірлесіп 2022 жылдың 1 қараша күні Кентау қаласының жеке тұрғын үйлерді аралау және жылыту маусымында болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын- алу мақсатында тұрғындарға жылыту пештерінің құбырларын уақытылы тазалап тұру тұруларын, және тұрмыстағы газды пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жадынама парақшалары таратылды.

 

Ағымдағы жылдың 1 қараша күні Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының ұйымдастыруымен Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты қала аумағындағы барлық білім беру мекемелері базасында құрылған эвакуациялық жиналу пунктерінің басшылары және мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің менгерушілерімен «Эвакуациялық жиналу пунктерінің практикалық дайындығын пысықтау» және «Жер сілкінісі кезіндегі оқу-жаттығу» тақырыптарында семинар жиналыс өткізілді. Аталған жиналысқа Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері капитан Б. Әлімбайұлы және Түркістан облысы Адами әлеуметті дамыту басқармасының бас маманы Г. Айтбековна қатысты.

 

30.10.2022 жылы Түлкібас ауданы ТЖБ және №2 МӨСБ қызметкерлерімен жылыту
маусымындағы өрттің алдын алу және адамдардың қаза табуы мен
жарақаттануының алдын алу және жою мақсатында Түлкібас ауданы, Шақпақ
баба ауылы №114 разъезд елді мекендеріндегі жеке тұрғын үйлерге рейд
жұмыстары жүргізілді. Рейд жүргізу барысында 60 тұрғын үй араланып
тұрғындарға тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөнінде 142 дана
ескертпе парақшалары таратылып, қатты отынмен және табиғи газбен
жылытылатын үйлердің тұрғындарына жылу жабдықтарына қойылатын талаптар,
электр желілері мен электр жабдықтарының жай-күйі туралы түсіндірілді.
​ ​ Анықталған өрт қауіпсіздігі бұзушылықтары бойынша түсіндірме жасалынып,
орнында 25 бұзушылықтар орындалды.

 

Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Әлия» ББ балабақшасының қызметкерлеріне және жас бүлдіршіндерге «Өрт қауіпсіздігі» «Улы газдын алдын алу» » Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Арнайы әзірленген бейнероликтер көрсетілді.

 

Түркістан қаласындағы тұрғын үйлерге жылыту маусымында профилактикалық шаралары жүргізілді.

Түркістан қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері ұйымдастыруымен 2022 жылдың 28 қазан күні Түркістан қаласындағы 6 сектор тұрғындар алқабына қалалық газ инспекция мамандары, №1 МӨСБ, №39 МӨСБ қызметкерлері, сектор меңгерушілері және «Жас Отан» еріктілер қатысуында ауылдағы 256 жеке тұрғын үйлерді аралаумен бірге тұрғындарға жылыту маусымында болуы мүмкін төтенше жағдайларға қарсы «Жылыту пештерін қолдануда өрт қауіпсіздігі ережелері», «Жылыту пешінің ақауынан, мұржасынан бітелуінен, газ қондырғыларын дұрыс пайдаланбау салдарынан иісті газбен уланудың алдын алу шаралары» «Газ қондырғыларын пайдалануда жарылыс, өрт қауіптілігі», «Ақаулы электр қондырғылары пайдалануда, электр желілерінің қысқа тұйықталуынан шығатын өрттер», «Жас балалардың қараусыздығынан шығатын өрттер, алдын алу шаралары» жөнінде ауқымды түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, «Тұрмыстық өрт қауіпсіздігі ережелері», «Улы газдан уланудан сақтану» арнайы дайындалған жадынамалар үй иелеріне ұсынылды.
Аталған іс-шаралар ауқымды түрде түрлі профилактикалық жұмыстар апта сайын өз жалғасын табады.

 

Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығы азаматтық қорғау полковнигі Асқар Сейсенов Әмірханұлы қала аумағындағы жылыту маусымы кезінде тұрғындардың улы газдан улануды алдын алу және маусым кезінде атқарылатын жұмыстар туралы “Alatau Media” ғимаратында Жаңа толқын бағдарламасында сөз сөйледі.

 

Кентау қаласы Уалиханов көшесі бойында жаңадан салынған көппәтерлі тұрғын үйлерге аралау жұмыстары жүргізілді.

Жылыту маусымында қала аумағында өрт қауіпсіздігін күшейту және улы газдан сақтану шараларын түсіндіру мақсатында Кентау қаласы, Уалиханов көшесі №176, 178, 180, 182, 186 көппәтерлі тұрғын үйлерге аралау жұмыстары жүргізілді. Аралау барысында тұрғын үй иелеріне және көпбалалы отбасыларына (жалпы 384 адам қамтылған) жылыту маусымындағы қарапайым тұрмыстық өрт қауіпсіздігі ережелерін, табиғи газға қосылу барысындағы улы газдан уланудан сақтану ережелері, кішкентай балаларды үйде жалғыз қалдырмау, болуы мүмкін төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар ұсынылды.
Сонымен қатар Кентау қаласы, Ынтымақ алаңында әр сенбі сайын өткізілетін жәрменкеде (шамамен 1500 адам қамтылған) жиналған халыққа Жылыту маусымында орын алатын ТЖ себептері және алдын алу шаралары жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар ұсынылды.

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.