2022 жылы 26 қазан күні Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері, № 6 ӨСБ –нің қызметкерлері, Ақбұлақ ауылының әкімшілік қызметкерлері «Өрт қауіпсіздігі» және «Улы газдан уланудың алдын алу» бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізді.
«Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау» және «Улы газдан уланудың алдын алу» жөнінде қысқаша тұрғындарға түсінік беріп, күнделікті тұрмыстағы ескере бермейтін жайларға мұқият болуды ұсынды:
— қолдан жасалған электр жылытқыштарын пайдалануға болмайды
— пеш құдықтары мен түтін шығу жолдарын тазалау қажет: 3 айда бір рет от жағылатын пешті, 2 айда бір рет от үзілмей жанатын пешті.
— отынды және басқа да тез жанатын заттарды пештің жанында ұстауға тыйым салынады;
— кішкентай балаларды үйде жалғыз қалдыруға үзілді – кесілді тыйым салынады;
— пеш алдында 70 те 50 көлеміндегі табақ темір төселуі тиіс;

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *