Еліміздің жарқын болашағы мен келешегі үшін оқушылардың дарынын арттырып, қабілетін ашып, ұлттық ән-күйлеріміз бен жырларымызды өз нақышынан айырмай өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында Орталықтандырылған балалар кітапханасы жүйесінің №14 филиалында «Өнер – білімге талпынған жастар» атты дөңгелек үстел өтті. Оған кітапхана жанына құрылған «Өнерлі жастар» үйірмесінің мүшелері атсалысты.
Кеш қонағы білім саласы мен өнер жолында ұзақ жылдар еңбек еткен зерттеуші, ғалым, музыкант, оқытушы Бақытжан Байымбетов қатысты. Ол өскелең ұрпаққа ұстаздық жолындағы жетістіктерімен, тәрбие беру тәжірибесімен бөлісіп, тағлымы мол әңгімесін айтты.Қазір қала тұрғындарының кез келген емханаға тіркелуге құқығы бар. Егер біреуіндегі қызмет көрсету сапасы, дәрігерлердің біліктілігі көңіліңізден шықпаса, өзге емханаға ауысып кете аласыз. Болашақта мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша жұмыс істейтін емханалар көбейе түскен кезде олар әрбір пациент үшін күреседі. Себебі, бір пациент тіркеуден шығып кетсе, онымен бірге қаншама қаржы да кетеді. Бәсекелестіктің артуы сапаның жақсаруына әсер ететіні халықаралық тәжірибеде дәлелденген, — деді қала әкімі.М.Әйтеновтың айтуынша, Президенттің тапсырмасына сәйкес, Шымкентте 200 орынды перинаталды орталық салынады. Қазір жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін басталып, 2024 жылдың соңына қарай аяқталады екен.
Айта кетейік, есеп беру кездесуінің соңында қала әкімі тұрғындардың сұрақтарына толық әрі жан-жақты жауап берді.
Оқушылар Б.Байымбетовке өздерін ойландырған сауалдарын қойып, ой бөлісті. Сонымен қатар, №1 Жамал Омарова атындағы саз мектебі мен А.Навои атындағы №11жалпы орта мектебінің шығармашылыққа жаны құмар оқушылары ақындардың өлеңдерін оқып, домбыраның құлағында ойнады. Жиын соңында «Өнерлі жастар өрге озады» атты кітап көрмесін аралады.
Ақмарал ШЫМКЕНТБАЕВА,
Шымкент қалалық ОБКЖ
14 балалар кітапханасының кітапханашысы