Шымкентте өткен тәулікте қар жауды. Осыған орай алғашқы қар тазалау жұмыстары жүргізілді. Абай, Әл-Фараби, Еңбекші аудандарының аумағындағы ішкі орам және орталық көшелер қардан тазаланды.

816

 

Абай ауданында тазалық жұмыстарына «Build Stroi» ЖШС 25 арнайы техникасы, оның ішінде жолдардағы қарды тазалауға 20 техника, аяқ жолдарды тазалауға арналған 5 техника шықты. Атап айтқанда, Камаз ПР – 14 дана, Трактор 82,1 – 5 дана, Трактор 320 – 2 дана, Газ-Саз – 3 дана, Газ 53 – 6 дана, Камаз ассенизатор – 2 дана, Камаз шаңсорғышы – 1 дана, Haide шаңсорғышы – 2 дана, жүк тасығыш – 2 дана, жалпы саны 200-ге жуық адам жұмылдырылды. Аталған техникалар 9 бағыт бойынша жұмыстар атқарды. Сонымен қатар, 5875 текше метр инертті материал қоры бар.
Ал Әл-Фараби ауданы аумағында таңғы 5-тен бастап басты және ішкі орамдық көшелерде қар күреу жұмыстары мердігер мекеме «Жасыл ел» ЖШС-і тарапынан атқарылды. Қар тазалауға техникалар мен қоса 50-ден аса жұмысшы күші тартылды.
Еңбекші ауданы аумағын қардан тазалау жұмыстарына мердігер мекеме «Жасыл Жер» ЖШС тарапынан 220 адам қатысты.Qazaqstan Project Management Awards – жыл сайын өткізілетін менеджмент саласындағы Ұлттық конкурс. Орталық мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор ұйымдары, үкіметтік емес ұйымдар, шағын және орта бизнестік, сондай-ақ, ЖОО-ның үздік жобалары мен жобалық кеңселерінің кәсіби жарыс алаңы.
Шымкент қаласы әкімдігінің жобалық кеңсесі – қаланың даму бағдарламасын тиімді іске асыруды және іске асырылып жатқан жобалар мен көрсеткіштерге мониторинг жүргізеді. Ай сайын қала әкімінің төрағалығымен өтетін есептік кезеңдерінде ауытқулар бойынша баяндама жасайды. Бұл, өз кезегінде жоспарланған көрсеткіштер мен даму жоспарларын бақылауға септігін тигізеді. Сонымен қатар мекемелердің жобалық қызметін қалыптастырып, мемлекеттік қызметкерлердің қағазбастылықтан арылуына жағдай жасайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.