«Шым қала» тарихи-мәдени кешенінде «Зергерлік – мол мұра» қолөнер шеберлерінің көрмесі өтті. Көрмеде ұмыт болған салт-дәстүріміз қайта жаңғырып, ата-бабаларымыздан қалған мұра дәріптелді.
Іс-шарада алдымен он саусағынан өнері тамған жергілікті қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде күмістен жасалған әшекейлерден бөлек, ұлттық бұйымдарды кездестіруге болады. Көрмеде шеберлер қала жастарына шеберлік сабағын өткізді. Айталық, зергерлер әшекей заттар мен киіз, ши тоқудың техникасымен бөлісті. Көрмеге елімізге танымал қолөнершілер Бейісбековтер отбасы қатысты. Әулеттің үлкені Болатбек ағаштан ою ойса, ұлы Берік – былғары шебері. Жары Күләш Өсерқызының қолынан шыққан жүннен жасалынған бұйымдар шетелдіктердің сұранысына ие. Жалпы бұл отбасы – қазақ өнерінің жанашырлары.Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары мен Әдеп жөніндегі кеңестер туралы ережеге өзгерістер енгізілді.Білім – ешқашан жойылмайтын инвестиция. Оған салған барлық қаржы он, тіпті жүз есе болып қайтады. Қазіргі жаһандану заманында жастар білімді болуға тиіс, сонда ғана олар бәсекеге барынша қабілетті болып, өмірден оз орындарын таба алады.
«Білген адам білімді өмір бойы іздейді» дегендей, өмір бойы білім алып, білімді болу — қоғамда өз орнын табудың кепілі.
Тәртіптік жаза қолдану қағидаларында қызметтік тергеп-тексеру, тәртіптік комиссия материалдарын қарау тәртібі және тәртіптік комиссияның ұсынымы бойынша уәкілетті адамның шешім қабылдау мерзімдері нақтыланды.
Мемлекеттік қызметшілердің қызмет стандарттарын бұзу тәртіптік жауапкершілікке әкеліп соғады. Яғни, мемлекеттік органдардың Әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызметшілердің қызметтік Әдеп нормаларын бұзудың алдын алу бойынша жүйелі және белсенді жұмыс жүргізуге бағытталған.
Іс-шара аясында «Шым қала» тарихи-мәдени кешені директорының міндетін атқарушы Мадина Кенжеқұлова өскелең ұрпаққа ұлттық өнерді дәріптеп, үйретуден жалықпай жүрген қолөнершілерді алғыс хатпен марапаттады.
Жәрмеңке соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
«Шымкент келбеті»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.