Тәуелсіз Қазақстанымыздың — Қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізуі.

Spread the love

Ұлттық валюта – теңгенің дүниеге келуі еліміз үшін оңайға түспегені анық. Тәуелсіздік алғаннан кейін, мен бірден ұлттық валюта жасау туралы ойландым. Кез келген мемлекет үшін төл валюта – тек экономикалық категория ғана емес, сондай-ақ символдық тұрғыда «ақша түріндегі тәуелсіздік» болатын. Бұл қиындықтың Қазақстан дербес жүзеге асырған мемлекет құрылысынан бір ерекшелігі – қаржы нарығындағы ахуал тек бізге ғана байланысты емес еді. Басында жаңа тәуелсіз мемлекеттер ортақ валюталы аумақта қалу ниетін декларациялаған болатын. Кәсіпорындардың көпшілігі төлемді кеңестік рубльмен жасады. Төл валютаға күрт көшудің бәріміз үшін де кінәратты зардабы болуы мүмкін еді. Ол кезде посткеңестік «рубль» аумағында әртүрлі келіспеушіліктер мен түсініспеушіліктер болып жататын. Қолма-қол ақша жетіспейтін және Қазақстан үкіметінің өкілдері жалақы мен зейнетақы төлеуге қажетті ақша алу үшін Мәскеуге сабылуға мәжбүр болатын. Ресейлік атышулы баға либерализациясынан соң, баға реформасының ізінше Ресейдің ақша реформасын да бастайтыны туралы болжам жасауымыз заңды еді.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *