Бүгін тұрғындарды жеке мәселелері бойынша кезекті бірыңғай қабылдау өтті.
Көрме орталығында өткен қабылдауға келген 200-ден аса азаматты салаларға жауапты әкім орынбасарлары, басқарма басшылары, Шымкент қаласының прокуратура және қалалық полиция департаменті басшылары, мемлекеттік орган өкілдері қабылдап, арыз-шағымдарын тыңдады.
Түрлі себептермен қиын жағдайларға тап болып, жәрдем сұрап келгендердің тізімі алынып, мәселелердің шешім жолдары қаралды.
Тұрғындар тарапынан тұрғын үй кезегіне тұру, баспананы жалға алу, жұмысқа орналасу мәселесі, жер телімдерін заңдастыру, жер телімдерінің нысаналы мақсатын ауыстыру, бизнес бастауға грант алу мүмкіндігі, арнайы әлеуметтік көмек түрлеріне жазылу, жылыту маусымындағы жылу жүйелерінің сапасы және сол секілді басқа да өзекті мәселелер көтерілді. Сонымен қатар, медицина мен білім салаларына қатысты мәселелер мен сұрақтар айтылды.
Аталған мәселелердің шешім жолы заң шеңберінде қаралып, Құқық қорғау органдары басшыларының талқылауымен жан-жақты саралана отырып хаттамаға енгізілді.Мемлекет басшысының «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде энергия көздерін дамыту, инвестицияларды жұмсаудың ашықтығын қамтамасыз етуге және мемлекет тарапынан бақылауды күшейтуге бағытталған шаралар топтамасы дайындалды.
Осы пайымды іс жүзінде іске асырудың бірінші кезеңі ретінде Министрлік заңнамалық түзетулер топтамасын дайындаған. Энергетика министрлігі тарапынан жобаларды іріктеу кезінде нысаналы көрсеткіштер мен іс-шараларды, оның ішінде негізгі жабдықтың тозуын, отынның үлестік шығынын азайту, экологиялық көрсеткіштерді жақсарту жөніндегі іс-шараларды белгілеу жоспарлануда.
Өзектілігін жоймаған тұрғын үй кезегі мен жер телімін заңдастыру мәселесін қозғап келген тұрғындарға шешім реті мен заңдылығы түсіндірілді.
Естеріңізге салайық, қала әкімінің азаматтарды бірыңғай қабылдауы жүйелі түрде, әр айдың алғашқы сәрсенбісінде өтуде.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.