Түркістан облысында коронавирусқа қатысты эпидахуал тұрақты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Наурыз қарсаңында мерекелік шараларға тыйым салынбайды – Ажар Ғиният Алматылықтар Ashyq қосымшасын әрі қарай да қолдана береді — жаңа қаулы Ashyq қолдану және маска тағу: Елордада бас санитардың жаңа қаулысы шықты Жаңа қаулы: Әуежайлар мен вокзалдарға қандай талап қойылады Қазіргі таңда ашық алаңдарда бетперде режимі тұрғындардан талап етілмейді. Дегенмен ғимарат ішінде бетпердені тағу міндеті әлі өз күшінде. Бұл туралы облыстың бас санитария дәрігері Нұрбек Нышанов хабарлады. Нұрбек Садықбекұлының айтуынша, коронавирусқа қарсы вакцина алмаған қызметкерлер үшін күндізгі режимде жұмыс істеуге рұқсат беретін шектеу талабы өз күшін жойған. Ал вахталық режимде жұмыс істейтін азаматтар үшін ПТР тестілеу алынбайды. Эпидемиологиялық жағдайы «жасыл» және «сары» аймақтарда білім беру ұйымдарында әлеуметтік арақашықтық, термометрден өту керектігі туралы талаптар күшін жойды. Түркістан облысында эпидахуал тұрақты. Коронавирус инфекциясының тіркелуі алдыңғы екі аптамен салыстырғанда 69,6 % төмендеген. Сондай-ақ, бұған дейінгі тәжірибе көрсеткендей мереке күндерінен соң эпидемиологиялық жағдай нашарлайды. Сондықтан облыстың бас санитария дәрігері тұрғындарды карантин режимі мен санитариялық талаптарды сақтауға шақырады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.