Қазақтан шыққан тұңғыш дипломат Нәзір Төреқұловтың туғанына 130 жыл. Түркіні түгендеген тарихи тұлғаның тындырымды ісі бүгінгіге өнеге, ғибратты ғұмыры көпке үлгі. Осы орайда Кеңес Одағының Сауд Арабиясындағы алғашқы елшісі болған қайраткердің өмірі мен қызмет еткен саласын сараптау мақсатында ғылыми көпшілік конференция өтті.

Тәуелсіздік туы желбірегелі тарих бетінде көлеңке күйде қалып қойған біршама Алаш арыстары ақталды. Есімі ел жадына қайта сіңіріліп, еселі еңбектері зерттеле бастады. Күрделі кезеңде ел басқарып, ұлтқа қызмет етуді ұлы мұрат еткен тұлға Нәзір Төреқұловтың туғанына 130 жыл толып отыр. Қазақтан шыққан тұңғыш дипломат, қоғам қайраткерінің тұлғасын таныту мақсатында Әл-Фараби кітапханасы тағылымы мол басқосу ұйымдастырды. Әл-Фараби атындағы қалалық-ғылыми әмбебап кітапхананың директоры Анар Жаппарқұлова ұйымдастырылған шараның маңыздылығын айтып берді.Президент елімізде шынайы индустрияландыру үшін қолайлы орта қалыптастыру ісі дәйекті түрде жүргізіліп жатқанын атап өтіп, «Өнеркәсіптік саясат туралы» арнайы заң қабылданғанын жеткізді. Оның айтуынша, бұл құжат жоғары және орташа өңдеу деңгейіндегі өнім өндірушілерге кең көлемде қолдау шараларын ұсынады. Алайда заңның кейбір нормаларының қолданысы әлі күнге дейін «кібіртіктеп тұр».

Алаш арысы саяси қызметтен бөлек, Орталық Азиядағы мектеп, жоғары оқу орындарын ашуға еңбек сіңіріп, білім шырағын жақты. Ташкент, Түркіштан, Самарқанд, Қызылорда, Әулиеата, Қоқан, Хорезм, Бұқара қаласында газет-журнал редакциясын, құрып, баспахана ашқан. Тарихта толағайдай айтулы із қалдырған тұлғаның өмірін ғалымдар зерттеді. Ғылыми еңбек жазды. Бүгінгі ғылыми жиында тарих ғылымдарының докторы Хазретәлі Тұрсын «Нәзір Төреқұлов және Алаш қозғалысы» тақырыбындаПрезидент елімізде шынайы индустрияландыру үшін қолайлы орта қалыптастыру ісі дәйекті түрде жүргізіліп жатқанын атап өтіп, «Өнеркәсіптік саясат туралы» арнайы заң қабылданғанын жеткізді. Оның айтуынша, бұл құжат жоғары және орташа өңдеу деңгейіндегі өнім өндірушілерге кең көлемде қолдау шараларын ұсынады. Алайда заңның кейбір нормаларының қолданысы әлі күнге дейін «кібіртіктеп тұр». баяндама оқыды.

  Көпшілік бас қосқан ғылыми кездесуге мегаполистің Н.Төреқұлов атындағы мектебінің оқушылары да қатысты. Мектеп түлегі Нәзір Төреқұловқа арнау оқып, өзге де ғылыми орталықтар мен жоғары оқу орындарынан келген ғалымдар, ғылым кандидаттары баяндама жасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.