Мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау органдарының, сонымен қатар аталған жүйеге кіретін Тексеру комиссияларының миссиясы — сәйкестендірілген аймақтардағы қаржы тәртібін нығайту және де экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында, жергілікті бюджет қаражатын, мемлекет және квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерін басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру болып табылады.
Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының аудиторлық және сараптамалық-талдау қызметі ҚР Президенті мен Есеп комитетінің алға қойған мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге, өңірдегі қаржылық және бюджеттік тәртіпті нығайтуға бағытталған.
Айта кететін елеулі негіз, ол Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы №392-V ҚРЗ «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңына (әрі қарай — Заң) сәйкес, Тексеру комиссиясы мемлекеттік аудит (тексеруді) жүргізуді тәуекелдерді басқару жүйелері негізінде және тиісті жылға қалыптастырылған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес жүзеге асырады. АталғанЗаңның 50-бабы 3-тармағында Мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторларын және өзге де лауазымды адамдарын мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесінде көзделмеген тексерулерді жүргізу үшін тартуға жол берілмейді делінген.
Анықтамалық ақпарат ретінде айта кететін болсақ, ағымдағы жылдың 9 айында Тексеру комиссиясына жалпы саны 21 заңды тұлға өкілдері мен жеке тұлғалардан жүгінулер келіп түскен. Аталған өтініштерде сипаты бойынша мынадай мәселелер көтерілген: 5 – бюджет қаражатынның,соның ішінде жергіліктібюджеттің жұмсалу фактілері бойынша тексерулер жүргізу, 4– мемлекеттік органдар мен ұйымдардың лауазымды адамдарының қызметі, 3-ден – денсаулық сақтау саласы мен монополияға қарсы саласы, 2-ден– білім саласы мен әлеуметтік қорғау саласына, 1-ден – еңбек заңнамасымен сауда саласының мәселелері.
Бұл ретте, арыз-өтініштердің көпшілігін жергілікті жердегі түрлі мемлекеттік органдар шешуі тиіс, бұл өңірлік басқармалардың (бөлімдердің) азаматтар мен бизнестің шағымдарына назарының жеткіліксіз екендігін айқындауда.
Об основаниях по проведению внешнего государственного аудита Ревизионной комиссией по городу Шымкент
Миссией Ревизионной комиссии является повышение эффективности управления и использования средств местного бюджета, активов государства и субъектов квазигосударственного сектора в целях укрепления финансовой дисциплины и обеспечения экономической стабильности на территории города Шымкент.
Аудиторская и экспертно-аналитическая деятельность Ревизионной комиссии по городу Шымкент направлена на достижение целей и задач, поставленных Президентом Республики Казахстан и Счетным комитетом, укрепление финансово-бюджетного порядка в городе республиканского значения.
Важно отметить, что в соответствии с Законом Республики Казахстан от 12 ноября 2015 года №392-VРКЗ «О государственном аудите и финансовом контроле» (далее Закон) Ревизионная комиссия проводит государственный аудит (проверки) в соответствии с Перечнем обьектов аудита сформированного на соответствующий год на основе систем управления рисками. Пунктом 3 статьи 50 указанного закона установлено, что не допускается привлечение государственных аудиторов и иных должностных лиц Ревизионной комиссии по требованию государственных органов для проведения проверок, не включенных в Перечень обьектов государственного аудита на соответствующий год.
Для справки, за 9 месяцев текущего года в Ревизионную комиссию поступило 21 обращение от представителей юридических и физических лиц. По характеру вопросов обращения затрагивают: проведение проверок по фактам расходования бюджетных средств, в том числе местных–5, деятельности должностных лиц государственных органов и организаций–4, сферы здравоохранения и антимонопольного законодательства – по 3 обращения, в сфере образования и социальной защиты– по2обращения, по вопросам трудового законодательства и торговли –по 1- му обращению.
При этом, большинство из вышеперечисленных обращений должны быть решены различными государственными органами на местах, что свидетельствует о недостаточном внимании региональных управлений (отделов) к жалобам граждан и бизнеса.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.