2022 жылғы 29 қараша күні Алматы қаласы Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты базасында жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында IV Республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауы өткізілді. Байқауға еліміздің облыстары мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан іріктелген 28 оқушы қатысып, сөз сайысына түсті.





Шымкент қаласы білім басқармасының Қосымша білім беру оқу салалық орталығының жылдық жоспарына сәйкес “Балалар жылының” қарсаңында және қаз дауысты Қазыбек бидің 355 жылдығына орай, жас өнерсүйер талантқа сахна тілінің қыр-сырын меңгертіп, сөз құдіретін ұғындыру мақсатында Оқушылар сарайының базасында “Сырлы сөз” жас сахна жүргізушілерінің байқауы өтті. Байқаудың І іріктеу кезеңіне 132 оқушы қатысты. Іріктеуден өткен 32 оқушы, яғни 16 жұп байқауда бақ сынасты. Байқау 3 кезеңнен тұрды. Тіл жүйріктерінің өнеріне айтыскер ақын, сөз майталманы Орал Карима бастаған қазылар төрешілік жасап, жас сахна жүргізушілеріне әділ бағаларын берді. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар, топтан оза шапқандар: бас жүлде- N24 С.Ерубаев атындағы ІТ мектеп-лицейіне бұйырды,
І орын N106 ЖОББМ
ІІ орын N16 ЖОББМ, N82 ЖОББМ
ІІІ орынды N57 ЖОББМ, N77 А.Асқаров атындағы мектеп-лицейі қанжығаларына байлады. Сахна мәдениетін дәріптеген жас өнерпаздар, жеңістеріңіз құтты болсын, биіктен көріне беріңіздер!!!!