Үшінші мегаполисте жолға қатысты 190 нысанда орташа жөндеу жүргізілуде. Бұл жұмыстар жол-көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кептелістерді азайту, жалпы қаладағы жол жағдайын жақсарту мақсатында қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан атқарылуда.
Атап айтқанда Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшесінің қиылысындағы көпір құрылысы аяқталды, Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің қиылысындағы жолайрық құрылысы, Қонаев даңғылын ұзарту жобасының 1, 2, 3, 5 және 6-кезеңдері, Оңтүстік, Шығыс айналма жолы, Самал-1,2,3 кезеңдері, Өтегенов көшесін жөндеудің 1, 2-кезеңіндегі құрылыстар қарқын алған.
Жалпы саны 308 магистралды және ішкі орам көшесінде орташа жөндеу басталып, қазіргі таңда 303 көшедегі жұмыс аяқталды. Республика даңғылы, Рысқұлов, Іляев, Тәшенов, Ақназар хан, К.Цеткин, Жолан батыр, Дулати, Мангелдин, Тоқаев көшелері жөнделіп, тұрғындар игілігіне берілді.
Шаһар аумағында биыл бірнеше нысанда күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынған. Ақжайық, Тассай, Азат, Нұртас шағынаудандарындағы жалпы 17 көше күрделі жөнделді. Сонымен қатар Кремлёвская және Атасу көшелеріндегі Қошқар ата өзенінен өтетін 2 көпір күрделі жөнделіп, пайдалануға берілді. Сонымен қатар шағынаудандар мен тұрғын алаптардағы жалпы ұзындығы 122,7 шақырым жолға шағал тас төселді.Жалпы саны 308 магистралды және ішкі орам көшесінде орташа жөндеу басталып, қазіргі таңда 303 көшедегі жұмыс аяқталды. Республика даңғылы, Рысқұлов, Іляев, Тәшенов, Ақназар хан, К.Цеткин, Жолан батыр, Дулати, Мангелдин, Тоқаев көшелері жөнделіп, тұрғындар игілігіне берілді.
«Шымкент келбеті»