«Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылғы 28-30 қараша күндері аралығында оффлайн форматта Астана қаласында шығармашыл оқушылар арасындағы ІХ республикалық «Ақберен» өнер байқауының республикалық кезеңі өткізілді.
Байқаудың мақсаты: 9-11 сыныптың шығармашыл оқушыларының гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілетті, өлең жазу, тапқырлық қырын, дарынынын таныту, олардың шығармашылық қабілеттеріне (ақындық, шешендік шеберлігі, түрлі ұлттық аспапта ойнау, т.б.) қолдау көрсетіп, ары қарай дамытуына жол ашу.
Байқаудың 5 номинациясы бойынша қалалық кезеңнен жеңімпаз болған төмендегі оқушылар қорытынды кезеңде өз бақтарын сынады:
1. «Шешендік, білгірлік сайысы» номинациясы бойынша – Мыңболат Айнықша, №83 жалпы орта білім беретін мектебі;