«ОҢТҮСТІК» ЖАҢАҚҰРЫЛЫС АУМАҒЫН САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТУ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ
Еңбекші ауданына қарасты Оңтүстік жаңақұрылыс аумағын сапалы электр қуатымен қамту құрылысы аяқталды.
Жобаға сәйкес сапалы электр қуатымен қамтылатын барлығы 933 үй болса, бүгінде аталған аумақта тұратын үй саны 20-ға таяу.
Қазіргі уақытта электр тарату бекеттері мен трансформаторларға электр қуаты берілді.
Ендігі кезекте, «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС тарапынан абоненттеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Құрылыс жұмысы барысында 18 электр трансформаторы, қуаттылығы 10 кВ құрайтын 1 электр тарату бекеті орнатылды. Сонымен қатар, 28,5 шқ 10 кВ-тық және 52,2 шқ 0,4 кВ-тық электр желісі тартылды.