Мемлекет ісінің мүдделесі

Spread the love

Ел президенті Қ.Тоқаевтың мақаласы.

Біз егемен ел ретінде өсіп-өркендеуіміз үшін мемлекеттілігімізді нығайтуымыз керек. Заң үстемдігін және қоғамдық тәртіпті сақтау баршаға ортақ міндет екенін ұғынған жөн. Халықтың билікке деген құрметі болмаса – елдігімізге сын. Сондықтан азаматтарға, әсіресе, жастарға мемлекетті сыйлаудың мән-маңызын түсіндіру қажет. Осы ретте тағы да Абайдың мұрасына зейін қойған абзал. Ұлы ақын өзінің шығармаларында елдік мұратты асқақтатып, ұлт бірлігін биіктетті. Ол әділетті қоғам құру идеясын көтерген. Демек, Абайдың көзқарастары ХХІ ғасырдағы Қазақстан қоғамы және оның береке-бірлігі үшін аса құнды. Хакім Абайдың ұстанымдары өркениетті мемлекет қағидаларымен үндеседі. Заң үстемдігі, биліктің ашықтығы мен халық алдында есеп беруі жоғары деңгейде болып, мемлекет ісіне азаматтық қоғам өкілдері белсене араласқан жағдайда ғана әділеттілік берік орнығады. Менің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» атты тұжырымдамам дәл осы әділетті қоғам идеясын дамыту мақсатымен ұсынылды. Билік пен қоғам арасындағы сындарлы диалог мемлекетке деген сенімді нығайта түседі. Үкімет мүшелері, соның ішінде министрлер мен әкімдер мемлекеттік және қоғамдық маңызы бар мәселелерге қатысты шешім қабылдаған кезде азаматтардың ұсыныстары мен тілектерін ескеруі керек. Мұны Абай меңзеген әділетті қоғам қалыптастырудың бірден-бір шарты деп білемін. Ұлы ақын «Келелі кеңес жоғалды, Ел сыбырды қолға алды» дегенді бекер айтқан жоқ. Елге билік жүргізетіндерге жұрттың көңілі толмайтынын да аңғартады. «Сыбырдан басқа сыры жоқ, Шаруаға қыры жоқ» замандастарымыз көбеймес үшін билік халыққа әрдайым құлақ түріп отырғаны жөн. Мемлекет пен қоғам өкілдері түйткілді мәселелерді бірге талқылап, шешімін табу мақсатында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құрдық. Кеңес формальды сипат алып кетпеуі үшін оның мүшелерімен арнайы кездесіп, жұмысын жіті қадағалап отырмын. Абай шығармаларында меритократия мәселесіне де айрықша мән берілген. Ол адамды мәртебесіне қарай емес, талабы мен еңбегіне қарап бағалаған. Ұлы ақын қазақ жастарына жөн-жоба көрсетіп, бағыт-бағдар берген. Қазір Қазақстанда саяси жаңғыру үдерісі жүріп жатыр. Елбасының қолдауымен билікке басшылардың жаңа буыны келе бастады. Соған қарамастан, елімізде түбегейлі саяси өзгеріс керек деген ойлар да жиі айтылып жатады. Бірақ бұл мәселе бойынша ұлттық мәмілеге келудің, мемлекет мүмкіндіктерін шынайы бағалаудың және жүктелген міндетке жауапкершілікпен қараудың маңызы зор. Өзгеріс деп байбалам салатындар еліміздің болашағын байыптамайды, жай ғана популистік идеяларға табан тірейді. Популизм теріс тенденция ретінде дүниежүзілік сипат алды. Әлемнің түкпір-түкпірінде нақты стратегиясы жоқ, тек жалаң ұрандар арқылы билікке жеткісі келетін топтардың дауысы жиі естілуде. Осындай даңғазаға құмар адамдар туралы Абай: «Қу тілменен құтыртып, Кетер бір күн отыртып», – дейді. Расында, бұл – кез-келген елдің дамуын кенже қалдыратын, ұлттың бірегейлігін әлсірететін қауіпті үрдіс. Бізге, Абай айтқандай, артық мақтанға салыну, өзгені қор, өзімізді зор санау, дау қуу әсте жараспайды. Әр қадамымызды анық басып, әлемде және елімізде болып жатқан оқиғаларды байыппен сараптай білуіміз қажет. Тұрақтылық пен дамуымыздың кепілі болған татулық пен бірлікті бәрінен жоғары қойған абзал. Мемлекет мүддесін көздесек, әуелі сабақтастық сақталып, төгілген тер мен атқарған еңбектің далаға кетпеуін ойлайық. Осындай саясат жүргізген кезде ғана барлық стратегиялық мақсаттарымызға қол жеткізіп, Қазақстанды озық дамыған мемлекеттердің қатарына қоса аламыз.

Медиаон ақпарат

450 сөз

Мы должны укреплять нашу государственность, чтобы процветать как суверенная страна

Статья Президента страны К. Токаева.

Следует понимать, что соблюдение верховенства закона и общественного порядка является общей задачей для всех. Если у народа нет уважения к власти-критика к нашему народу. Поэтому необходимо разъяснить значение уважения государства гражданам, особенно молодежи. В этой связи необходимо еще раз обратить внимание на наследие Абая. В своих произведениях великий поэт возвысил единство народа, возвысил мир. Он выдвинул идею создания справедливого общества. Поэтому взгляды Абая очень ценны для казахстанского общества в ХХІ веке и его благополучия. Принципы Хакима Абая гармонизированы с принципами цивилизованного государства. Верховенство закона, прозрачность власти и подотчетность перед народом на высоком уровне, справедливость крепко закреплена только в том случае, когда в государственном деле активно участвуют представители гражданского общества. Моя концепция «народное государство» была предложена именно с целью развития идеи справедливого общества. Конструктивный диалог между властью и обществом укрепит доверие к государству. Члены правительства, в том числе министры и акимы, должны учитывать предложения и пожелания граждан при принятии решений по вопросам государственного и общественного значения. Я считаю, что это одно из условий формирования справедливого общества, на которое Абай указывает. Не зря великий поэт сказал: «потерял некий совет, страна взорвалась на слуху». В то же время, как и в прошлом году, в этом году, в этом году, было принято решение о выделении средств из Нацфонда для поддержки экономического роста. » Нет, кроме шебра, нет», чтобы наши современники не размножались, власти всегда обращались к народу. Мы создали Национальный совет общественного доверия с целью совместного обсуждения и решения проблемных вопросов. Для того, чтобы совет не носил формального характера, я специально встречался с его членами и внимательно следил за работой. В произведениях Абая особое внимание уделено вопросам меритократии. Он оценил человека не по статусу, а по требованию и труду. Великий поэт продемонстрировал казахскую молодежь проект и ориентировал его. Сейчас в Казахстане идет процесс политической модернизации. При поддержке главы государства к власти пришло новое поколение руководителей. В то же время часто говорят о том, что в стране нужно кардинальное политическое изменение. Но по этому вопросу важно прийти к национальным сделкам, объективно оценивать возможности государства и ответственно относиться к возложенным обязанностям. В то же время, как и в прошлом году, в этом году, в этом году, по сравнению с прошлым годом, в прошлом году, в этом году, в этом году, было принято решение о выделении 1 млрд. тенге на развитие малого и среднего бизнеса. Популизм приобрел мировой характер как отрицательная тенденция. В разных уголках мира нет четкой стратегии, часто слышится голос групп, которые хотят передать власти через лютые лозунги. – Я думаю, что в этом году мы будем работать над тем, чтобы мы могли работать над этим, — сказал Абай: «у тебя нет языка, и уйду в один день». На самом деле, это опасная тенденция, которая оставляет развитие любой страны, ослабляет уникальность нации. Мы, как сказал Абай, не испытываем лишнего хвастания, остальное-это фонд, Большой подсчет, спор. Мы должны четко придерживаться каждого шага, уметь анализировать события, происходящие в мире и в стране. И, конечно же, мы не должны забывать о том, что мы живем в мире и согласии, и о том, что мы живем в мире и согласии.

Медиаон информация

517 слов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *