Ұлттық болмыстың үлгісі

Spread the love

ҚР президенті Қ.Тоқаевтың Абай атамыз жайында жазған мақаласын назарларыңызға ұсынамыз!

Жаңғыру – өткеннен қол үзіп, тек жаңа құндылықтарға жол ашу деген сөз емес. Шын мәнінде, бұл – ұлттық мұраларымызды бүгінгі оң үрдістермен үйлестіре дамытуды көздейтін құбылыс. Бұл ретте, біз Абайды айналып өте алмаймыз. Себебі, ұлы ойшыл осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын ұлтты жаңғыруға, жаңаруға, жаңа өмірге бейім болуға шақырған. Елбасымыздың: «Заманалар ауысып, дүние дидары өзгерсе де, халқымыздың Абайға көңілі айнымайды, қайта уақыт өткен сайын оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі. Абай өзінің туған халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қазақ елін, қазағын биіктерге, асқар асуларға шақыра береді», – деген өнегелі сөзі ақын мұрасының мәңгілік өсиет ретінде бағаланатынын айқын аңғартады. Абайдың шығармаларына зер салсақ, оның үнемі елдің алға жылжуына, өсіп-өркендеуіне шын ниетімен тілеулес болғанын, осы идеяны барынша дәріптегенін байқаймыз. Ал, ілгерілеудің негізі білім мен ғылымда екенін анық білеміз. Абай қазақтың дамылсыз оқып-үйренгенін бар жан-тәнімен қалады. «Ғылым таппай мақтанба» деп, білімді игермейінше, биіктердің бағына қоймайтынын айтты. Ол «Біз ғылымды сатып мал іздемек емеспіз», – деп тұжырымдап, керісінше, ел дәулетті болуы үшін ғылымды игеру керектігіне назар аударды. Ұлы Абайдың «Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге» деген өнегелі өсиетін де осы тұрғыдан ұғынуымыз қажет. Бұл тұжырымдар қазір де аса өзекті. Тіпті бұрынғыдан да зор маңызға ие болып отыр. Себебі, ХХІ ғасырдағы ғылымның мақсаты биікке ұмтылу, алысқа құлаш сермеу екенін көріп отырмыз. Ал, біздің міндетіміз – осы ілгері көшке ілесіп қана қоймай, алдыңғы қатардан орын алу. Ол үшін, ең алдымен, білім беру саласын заманға сай дамытуымыз керек. Сол мақсатта ауқымды жұмыстар атқарылғанымен, отандық білім беру ісінде әлі де олқы тұстар бар. Оны жетілдіру жолдарын сайлау алдындағы бағдарламамда және өткен жылғы тамыз конференциясында нақты атап көрсеттім. «Педагог мәртебесі туралы» заңның қабылдануы – осы бағыттағы игі бастамалардың бірі. Бұл – сапалы білім беру ісін жетілдіруге арналған қадам. Жалпы, кез-келген қоғамда ұстаздың орны бөлек. Мұғалімдер білімді әрі саналы ұрпақ тәрбиелеу ісінде аса маңызды рөл атқарады. Ұстазға құрмет көрсетіп, қадірлеу – бәріміздің міндетіміз. Сондықтан мемлекет мұғалім мамандығының мәртебесін көтеріп, алаңсыз жұмыс істеуіне жағдай жасауы керек. Абай айрықша дәріптеген игілікті істің бірі – тіл үйрену. Ақын жиырма бесінші қара сөзінде өзге тілдің адамға не беретініне тоқталып: «Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі оныменен бірдейлік дағуасына кіреді, аса арсыздана жалынбайды», – дейді. Демек, өзімізден озық тұрған жұртпен деңгейлес болу үшін де оның тілін меңгерудің маңызы зор. Ал қазіргідей жаңа тарихи жағдайда бәріміз ана тіліміздің дамуы мен дәріптелуіне назар аударып, оның мәртебесін арттыруымыз керек. Сонымен қатар, ағылшын тілін үйренуге де басымдық беру қажет. Жастарымыз неғұрлым көп тілді меңгерсе, соғұрлым мүмкіндігі кеңейеді. Бірақ олардың ана тілін білуіне баса мән берген жөн. Өскелең ұрпақ, Абай айтқандай, ғылымды толық игерсе, өз тілін құрметтесе әрі шын мәнінде полиглот болса, ұлтымызға тек игілік әкелері сөзсіз. Қазір әлем күн сайын емес, сағат сайын өзгеруде. Барлық салада жаңа міндеттер мен тың талаптар қойылуда. Ғылымдағы жаңалықтар адамды алға жетелейді. Ақыл-оймен ғана озатын кезең келді. Заман көшіне ілесіп, ілгері жылжу үшін біз сананың ашықтығын қамтамасыз етуіміз керек. Бұл қадам өркениеттің озық тұстарын ұлттық мүддемен үйлестіре білуді талап етеді. Мұндай кезде өзіміздің таптаурын, жадағай әдеттерімізден бас тартуымыз қажет. Абайдың кейбір қарекеттерге көңілі толмай, «Терең ой, терең ғылым іздемейді, Өтірік пен өсекті жүндей сабап» деп үнемі сыни көзбен қарауының себебі осында. Ақын ел-жұртын түрлі өнерді игеруге үгіттеді. Соның бәрі уақыттың талабы екенін ол анық аңғарып, ұлтына ертерек үн қатты. Тіпті қазір айтып жүрген интеллектуалды ұлт қалыптастыру идеясы Абайдан бастау алды деуге болады. Ұлы ойшыл әр сөзімен ұлттың өресін өсіруді көздеді. Сондықтан Абайды терең тануға баса мән бергеніміз жөн. Абайды тану – адамның өзін-өзі тануы. Адамның өзін-өзі тануы және үнемі дамып отыруы, ғылымға, білімге басымдық беруі – кемелдіктің көрінісі. Интеллектуалды ұлт дегеніміз де – осы. Осыған орай, Абай сөзі ұрпақтың бағыт алатын темірқазығына айналуы қажет. Абай қазақтың әр баласын ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеуге шақырды. Оның мұрасы – парасатты патриотизмнің мектебі, елдікті қадірлеудің негізі. Сондықтан, азаматтарымыздың көзі ашық болсын десек, Абайды оқудан, ақын өлеңін жаттаудан жалықпаған жөн. Біз елді, ұлтты Абайша сүюді үйренуіміз керек. Ұлы ақын ұлтының кемшілігін қатты сынаса да, тек бір ғана ойды – қазағын, халқын төрге жетелеуді мақсат тұтты. Абайдың мол мұрасы қазақ ұлтының жаңа сапасын қалыптастыруға қызмет етеді. Оның шығармаларындағы ой-тұжырымдар әрбір жастың бойында халқына, елі мен жеріне деген патриоттық сезімді орнықтырады. Сондықтан хакім Абай еңбектерінің нәрін өскелең ұрпақтың санасына сіңіру және өмірлік азығына айналдыру – ұлтты жаңғыртуға жол ашатын маңызды қадамның бірі.

Медиаон ақпарат

697 сөз

 

Пример национального бытия

Предлагаем вашему вниманию статью Президента РК К.Токаева об Абае!

Модернизация – истечения с отрывом, открытие новых ценностей, а не только слово. На самом деле, это явление, которое предполагает развитие национального наследия в сочетании с сегодняшними положительными тенденциями. При этом мы не можем обойти вниманием. Потому что, этого более четверти века назад великий мыслитель нации, модернизации, обновлению, новой жизни склонны быть дома. В своем выступлении глава государства отметил, что, несмотря на то, что менялись времена, изменился мир, народ не разочарован Абаем, с каждым временем раскрывается новые грани его величия и наполняется новыми красками. Абай вместе со своим родным народом навсегда создает, на протяжении веков призывает казахскую страну, народ к высотам, асыкам», — заметил он, что наследие поэта ценит как вечный завет. В его произведениях мы видим, что он всегда был желанием двигаться вперед и процветать страны,все более осознает эту идею. А мы знаем, что основа прогресса-в образовании и науке. Абай оставил все душевно, что учился без развития казахского народа. » Не горжусь тем, что наука не находит горжусь», — сказал он. Он обратил внимание на то, что» мы не хотим покупать науку и искать скот», – обратил внимание на необходимость освоения науки, чтобы страна была благополучной. С этой точки зрения мы должны понимать нравственные заповеди великого Абая «не думая о пользе, думая о том, что он больше знал». Эти выводы очень актуальны и сейчас. Даже по-прежнему имеет большое значение. Мы видим, что цель науки в XXI веке-это стремление к высотам, а дальше не падать. А наша задача-не только идти вперед, но и занять лидирующие позиции. Для этого, прежде всего, необходимо современное развитие сферы образования. С этой целью была проделана большая работа, но в отечественном образовании есть все предпосылки. Пути его совершенствования я четко обозначил в предвыборной программе и на августовской конференции прошлого года. Принятие закона» О статусе педагога » – одна из благородных инициатив в этом направлении. Это шаг к совершенствованию качественного образования. В общем, в любом месте учителя в обществе отдельно. Учителя играют важную роль в воспитании образованного и сознательного поколения. Учителю, дань уважения – это задача. Поэтому государство должно поднять престиж профессии учителя и создать условия для беспокойной работы. Абай является одним из самых благородных дел – изучение языка. В своем выступлении он отметил, что другой язык дает человеку: «человек, знающий язык, искусство каждого входит в его равновесие, не жалеет отчаяния». Поэтому для того, чтобы быть на уровне передовой, необходимо овладеть его языком. А в новых исторических условиях, как и сейчас, все мы должны обратить внимание на развитие и популяризацию родного языка, повысить его статус. Кроме того, необходимо отдать предпочтение изучению английского языка. Чем больше наша молодежь владеет языком, тем больше возможности расширяются. Но важно, чтобы они знали родной язык. Если подрастающее поколение, как сказал Абай, полностью осваивает науку, уважает свой язык и на самом деле полиглот, то на наш народ, несомненно, добродетели. Сейчас мир меняется не каждый день, а каждый час. Во всех сферах ставятся новые задачи и новые требования. Новости в науке ведут человека вперед. Настал период, когда только умом опережает. Мы должны обеспечить прозрачность сознания, чтобы сопровождать и продвигаться к современному лидеру. Этот шаг требует умения сочетать передовые стороны цивилизации с национальными интересами. В это время мы должны отказаться от наших стереотипов, привычек. В этой связи Абай не разочаровывал некоторые взгляды, и он постоянно критически относится к «глубокому осмыслению, глубокому научному искуплению, лжи и оплодотворению шерсти». Поэт пропагандировал народ и пропагандировал свое искусство. Аңғарып ясно, что все это требование времени, национальности откликнулись раньше. Даже идея формирования интеллектуальной нации, о которой говорят сейчас, началась в Абае. С каждым словом великий мыслитель стремился наращивать национальное поле. Поэтому следует уделять особое внимание глубокому познанию Абая. Познание Абая-это самовоспитание человека. Это значит, что интеллектуальная нация — это. В связи с этим, слово Абая должно стать ориентиром поколения. Абай призвал каждого казахского сына воспитать патриотов. Его наследие-школа разумного патриотизма, основа почитания страны. Поэтому, если бы наши граждане были открыты, то не следует забывать Абая, читать стихи поэта. Мы должны научиться любить страну, нацию. Поэт указывает на сильно выступит против народа, и только одна мысль, – қазағын, уступив населения цель руководства карагандинской области. Большое наследие Абая служит формированию нового качества казахской нации. В его произведениях мыслители создают у каждого молодого поколения чувство патриотизма к народу, стране и земле. Поэтому превращение души в сознание подрастающего поколения жизненные трудов академии Абая корм и поглощения – один из важных шагов на пути модернизации нации.

Медиаон информация

715 слова

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *