Инженерден бастыққа дейін…

Бүгін Түркістан облысы ТЖД ахуалдық залында салтанатты іс-шара өтті. ТЖ департаментінің бастығы генерал-майор Ж. К. Жұмашевтың басшылығымен аппараттың жеке құрамы Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Теміржан Ермекұлы Танжановты Батыс Қазақстан облысы ТЖД қармағына іссапарға баруына байланысты тілектерін білдірді.

Теміржан Ермекұлы азаматтық қорғау органдарында 12 жылдан астам қызмет етеді.
Азаматтық қорғау органдарында еңбек жолын 2009 жылы Арыс қаласы ТЖБ Мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің инженері қызметінен бастады. 2010 жылы Қазақстан Республикасы ТЖМ Көкшетау техникалық институтын бітірген.
Қабілетті және еңбекқор маман 2019 жылы Ресей Федерациясының Азаматтық қорғаныс істері жөніндегі министрлігін азаматтық қорғау Академиясына жіберілді. Оқуды бітіргеннен кейін Арыс қаласы ТЖБ Азаматтық қорғаныс тобының аға офицері болып оралды, онда жұмыс кезеңінде ол бірнеше қызықты жобаларды, атап айтқанда өскелең ұрпаққа арналған «Бақытты балалық шақ»пилоттық жобасын іс жүзіне асырды.
Теміржан Ермекұлы ұжымда мен құрмет пен беделге лайықты, жас офицерлерге тәлімгер. Жұбайымен бірге үш бала тәрбиелеп отыр.

Қоғаммен байланыс тобы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.