Шымкент қаласы республикалық мәртебеге ие болғалы бері тек қана инженерлік инфрақұрылымды дамытуға 168 миллиард теңге қаржы бөлінген. Бұл қаладағы көптеген проблемалық мәселелерді шешуге мүмкіндік беріп отыр.

366

 

Бүгін «Көрме орталығында» Қаратау ауданы тұрғындарымен кездесіп, 9 айда атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берген Шымкент қаласының әкімі
Мұрат Әйтенов осылай деп мәлімдеді.
–Жақында қаламызға арнайы келген Мемлекет басшысы Шымкенттің дамуына оң баға берді. Шаһар республикалық мәртебеге ие болғалы бері тек қана инженерлік инфрақұрылымды дамытуға 168 миллиард теңге қаржы қаралғанын атап өтті. Бұл қаладағы көптеген мәселені оң шешуге мүмкіндік берді, – деген Мұрат Дүйсенбекұлы 2020 жылы тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 95,6 пайыз болғанын, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде биыл бұл көрсеткіш 99 пайызға жеткеніне тоқталды. Шаһар басшысының айтуынша, 2023 жылы ауыз су мәселесі толығымен шешілмек.
Қала әкімінің айтуынша, 2020 жылы табиғи газбен қамтамасыз ету – 92,2 пайызды, ал, сапалы электрмен қамтамасыз ету 95 пайызды құраған. Жүйелі түрде жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде биыл табиғи газбен қамту көрсеткіші 94,7 пайызға, ал, сапалы электрмен қамтамасыз ету көрсеткіші 99 пайызға жеткен. Мұрат Дүйсенбекұлы сапалы электр қуаты мәселесі 2023 жылы, ал, көгілдір отынмен қамту жайы 2025 жылы толығымен шешілетінін айтты.
Кездесу барысында Қаратау ауданының әкімі Рахымберді Мүлкеманов 9 айда атқарылған жұмыстар туралы баяндап, алдағы жоба-жоспарларымен бөлісті.
Айта кетейік, кездесудің соңында қала әкімі Мұрат Әйтенов тұрғындарды мазалайтын барлық сұрақтарға толық әрі жан-жақты жауап берді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.