Шымкенттіктердің 93% көгілдір отынмен қамтылған.
Жыл соңына дейін Батыс, Арғымақ, Ақтас, Ақтас-2, Ақжар, Көкбұлақ, Нұртас, Тұран (2 кезек) елді мекендері табиғи газ жүйесіне қосылады. Сонда тағы 34 мыңнан астам тұрғын сапалы газға қол жеткізген болады.
Қазіргі кезде «ҚазТрансГазАйма» Шымкент Өндірістік Филиалымен (ШӨФ) бірлесіп жұмыс жасалуда. Бұл туралы қалалық Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Булатбеков Батыс елді мекені тұрғындарымен кездесуі барысында айтып, халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары мен Әдеп жөніндегі кеңестер туралы ережеге өзгерістер енгізілді.
Тәртіптік жаза қолдану қағидаларында қызметтік тергеп-тексеру, тәртіптік комиссия материалдарын қарау тәртібі және тәртіптік комиссияның ұсынымы бойынша уәкілетті адамның шешім қабылдау мерзімдері нақтыланды.
Мемлекеттік қызметшілердің қызмет стандарттарын бұзу тәртіптік жауапкершілікке әкеліп соғады. Яғни, мемлекеттік органдардың Әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызметшілердің қызметтік Әдеп нормаларын бұзудың алдын алу бойынша жүйелі және белсенді жұмыс жүргізуге бағытталған.
📍 “Барлық жұмысты 1 ай көлемінде немесе одан да тез мерзімде шешу үшін мүмкіндіктерді жан-жақты қарастырудамыз. Заң бәрімізге ортақ, құжаттарды рәсімдеу соған сәйкес жүргізіледі. Құрылыс барысында кеткен кемшіліктер ретке келтірілуде. Жыл соңында аяқталатын жұмыстар жоспарланған кестеге сай жүргенімен күн қараша айынан бастап суытады. Тұрғындарға көмір түсіру мәселесін жаздан бері айтып, түсіндіріп келеміз”,-деді басқарма басшысы.
Батыс елді мекені бойынша 49 шақырым газ құбыры тартылып, құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған. Қазіргі таңда тұрғын үйлерді газға қосу үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде.
«ҚазТрансГазАймақ» ШӨФ абоненттеуді 10 күн аралығында бастайды.
Басқа да елді мекендерді газбен қамту құрылысы рет-ретімен жүзеге асырылуда. Жалпы биыл 18 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілді.
Ақтас және Сәуле магистралының құрылысы да аяқталуға жақын.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі