Шымкент қаласында «Аялық алақан» оңалту орталығы 100-ден аса ерекше күтімді қажет ететін балаларға әлеуметтік қызмет көрсетуде. Туа сала тағдыр тауқыметін тартқан мұндай жеткіншектер арнайы мамандардың көмегіне аса зәру.

Орталықта мемлекет қамқорлығына мұқтаж 3-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге — тұрмыстық, медициналық, психологиялық, педагогикалық, құқықтық көмек көрсетіледі.Бір ауыз сөз опық жегізіп, өмір бойы өзегіңді өртесе, бір ауыз орынды айтылған сөз жадында жатталып, бақытқа жеткізеді.
Айтар болсам, өзім жұмыс істеп жатқан Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мен тілге деген құрметті арттыру мақсатында тіл үйренушілер арасында викториналық жарыстар, семинарлар, ашық сабақтар көптеп ұйымдастырылуда. Нәтижелері де аз емес. Соңғы кезде тіл үйренушілердің арасында біздің салт-дәстүрімізге және тіліміздің әдемі әуезділігіне қызығып білгісі келетіндер өте көп. Өйткені олар қазақ жерінде түрып жатқан соң білуіміз парыз деп санайды.

Балаларды өмірге бейімдеуге бағыттылған ем-дом шараларының, педагог-психолог, дефектолог, логопед мамандарының қарқынды жұмысының нәтижесінде балалардың дамуында оң өзгерістер байқалуда. Мәселен, 11 қызмет алушының — тірек қимылында өзгеріс орын алып, ауыз қуысына жасалған массаждың әсерінен, жұтқыншақтың жұтыну жұмысы 1 балада жақсарған. Сөздік қоры көбейген қызмет алушылар саны 6-ау болса, ұсақ қол маторикасы реттеліп, дауысты дыбыстарды айта бастағандар саны – 4-ке жеткен. Яғни, тұрақты түрде жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде балалардың музыка ырғағын сезуі, әуенге қосылып ән салуы, ыңылдауы, жаңа дыбыстарды шығаруында оң көрсеткіштер бар.

Сондай-ақ, қызмет алушылардың ата-аналарымен кері байланысты орнату мақсатында жоспарлы түрде тренингтер ұйымдастырылып, балалардың сауығуы үшін шыдамдылықпен қолдау көрсетудің маңыздылығы түсіндірілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.