ОҚМПУ-де «Шымкент қаласының энциклопедиясы» атты кітаптың тұсаукесер жиыны өтті. Өткен жылы «Шымкент қаласының көне тарихы» кітабы жарық көрген-тін. Тарихшы, жазушы Момбек Әбдәкімұлы «Шымкент қаласының энциклопедиясы» кітабын өз мерзімінде аяқтап, оқырманға ұсынды.

945dee9f-7c25-41d7-abb9-181cdc58b67f

 

Іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, қалалық мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов, зиялы қауым өкілдері, жастар қатысты. Тағылымды жиынды белгілі әдебиет сыншысы Құлбек
Ергөбек жүргізіп отырды. Қала әкімінің бірінші орынбасары энциклопедияның жазылу тарихы мен маңызына тоқталып өтті.
– «Шымкент қаласының энциклопедиясы» кітабының жарыққа шығуына қала әкімдігі қолдау көрсетті. Энциклопедия әдетте бір институт жұмыс істейтін еңбек. Ал бұл кітапты
Момбек Әбдәкімұлы жалғыз өзі жазып шықты. Бұл – үлкен, құнды еңбек. Кітап жастарды саналы азамат болып өсуге тәрбиелеу, қаланың дамуында еселі еңбек еткен азаматтарға құрмет көрсету, қаланың тарихын таныту мақсатында жарық көрді. Жоспарға сәйкес кітап 1,5 жылда аяқталып, 1,5 мың данамен жарық көрді, – деді Шыңғыс Жұмабекұлы.
Мәслихат хатшысы
Б.Нарымбетов те кітаптың жазылу тарихын және жазушының шығармашылығы жөнінде өз ойын ортаға салды. Қоғам қайраткері Бекет Тұрғараев, филология ғылымдарының кандидаты Амангелді Мамыт, оқу орнының ректоры Гүлжан
Сүгірбаева жазушының шығармашылық қырлары жөнінде баяндама жасап, кітаптың мән-маңызын атап өтті.
Айта кетсек, энциклопедия қала тарихынан басталады. Шаһарды басқарған тұлғалардың қысқаша өмірбаяны, ғалымдар, еңбек озаттары, өнер адамдары, өндіріс орындары, мәдени ошақтар – барлығы қамтылған.Іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, қалалық мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов, зиялы қауым өкілдері, жастар қатысты. Тағылымды жиынды белгілі әдебиет сыншысы Құлбек
Ергөбек жүргізіп отырды. Қала әкімінің бірінші орынбасары энциклопедияның жазылу тарихы мен маңызына тоқталып өтті.
– «Шымкент қаласының энциклопедиясы» кітабының жарыққа шығуына қала әкімдігі қолдау көрсетті. Энциклопедия әдетте бір институт жұмыс істейтін еңбек. Ал бұл кітапты
Момбек Әбдәкімұлы жалғыз өзі жазып шықты. Бұл – үлкен, құнды еңбек. Кітап жастарды саналы азамат болып өсуге тәрбиелеу, қаланың дамуында еселі еңбек еткен азаматтарға құрмет көрсету, қаланың тарихын таныту мақсатында жарық көрді. Жоспарға сәйкес кітап 1,5 жылда аяқталып, 1,5 мың данамен жарық көрді, – деді Шыңғыс Жұмабекұлы.
Мәслихат хатшысы
Б.Нарымбетов те кітаптың жазылу тарихын және жазушының шығармашылығы жөнінде өз ойын ортаға салды. Қоғам қайраткері Бекет Тұрғараев, филология ғылымдарының кандидаты Амангелді Мамыт, оқу орнының ректоры Гүлжан
Сүгірбаева жазушының шығармашылық қырлары жөнінде баяндама жасап, кітаптың мән-маңызын атап өтті.
Айта кетсек, энциклопедия қала тарихынан басталады. Шаһарды басқарған тұлғалардың қысқаша өмірбаяны, ғалымдар, еңбек озаттары, өнер адамдары, өндіріс орындары, мәдени ошақтар – барлығы қамтылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.