Еңбекші ауданы аумағында ішкі орам және орталық көшелерді қардазалау жұмыстары жүргізілуде.
Тазалық жұмыстарына «Build Stroi» ЖШС 31 арнайы техникасы, оның ішінде жолдардағы қарды тазалауға 20 техника, аяқ жолдарды тазалауға арналған 5 техникасы жұмылдырылған. Атап айтқанда, Камаз ПР – 14 дана, Трактор 82,1 – 1 дана, Трактор 320 – 1 дана, Камаз сельхозка — 2 дана ,Погрузчик – 1 дана, жалпы саны 230 жуық адам жұмылдырылды.
Аталған техникалар 3 бағыт бойынша жұмыстар атқаратын болады. Сонымен қатар, 5004 куб инертті материал бар.
Тазалық жұмыстарына 315 м3 инертті зат себілді. Аудан әкімдігі мен жауапты мердігер мекемелер қызметкерлері тарапынан тазалық жұмыстары жалғасуда және жағдай толық бақылауда.Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары мен Әдеп жөніндегі кеңестер туралы ережеге өзгерістер енгізілді.
Тәртіптік жаза қолдану қағидаларында қызметтік тергеп-тексеру, тәртіптік комиссия материалдарын қарау тәртібі және тәртіптік комиссияның ұсынымы бойынша уәкілетті адамның шешім қабылдау мерзімдері нақтыланды.
Мемлекеттік қызметшілердің қызмет стандарттарын бұзу тәртіптік жауапкершілікке әкеліп соғады. Яғни, мемлекеттік органдардың Әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызметшілердің қызметтік Әдеп нормаларын бұзудың алдын алу бойынша жүйелі және белсенді жұмыс жүргізуге бағытталған.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
ҚАРАТАУ АУМАҒЫНДА ҚАРДАН ТАЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Қаратау ауданы аумағында ішкі орам және орталық көшелерді қардазалау жұмыстары жүргізілуде.
Тазалық жұмыстарына «Жасыл жер» ЖШС 26 арнайы техникасы, оның ішінде жолдардағы қарды тазалауға 20 техника, аяқ жолдарды тазалауға арналған 7 техникасы жұмылдырылған. Атап айтқанда, Камаз ПР – 15 дана, Трактор 82,1 – 2 дана, Трактор 320 – 2 дана, Газ 53 – 4 дана, Камаз сельхозка – 3 дана, жалпы саны 320-ға жуық адам жұмылдырылды.
Қазіргі таңда аудан көлемінде 410 м3 инертті зат себілді. Жағдай толық аудан әкімі аппараты мамандары мен мердігер мекеме қызметкерлерінің толық бақылауында
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.