Достық шағынауданында 300 орынға арналған жаңа мектеп ашылды. «Жан-Нұр» жалпы білім беру мектебінің ашылуына Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі
Рахымберді Мүлкеманов пен Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева қатысты.

671

 

– Мемлекет білім беру саласын дамытуға ерекше назар аударып отыр. Президент халыққа арнаған Жолдауында мектеп салу
Үкімет пен әкімдіктердің басты міндеттерінің бірі екенін айтты. Осыған орай, Шымкент қаласында биыл 40-қа жуық мектеп салу жоспарланған. Біз сол білім ұяларының бірінің ашылу салтанатына келіп отырмыз. Достық шағынауданының тұрғындары мектеп мәселесін бірнеше жылдан бері айтып жүр еді. Міне, биыл жеке инвестордың есебінен бұл мәселе шешімін тапты. Мұнда оқушылардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған, – деді Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Ж.Тәжиева.
Айта кетейік, жаңа мектеп мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жан басына қаржыландыру жүйесі бойынша жұмыс істейді. Яғни, бұл жекеменшік білім ұясы болғанына қарамастан, балалар тегін білім алады.«Азаматтарға арналған үкімет» Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысын жаңғырту бойынша ауқымды жұмыс атқаруда. Мәселен, тұрғындарға мемлекеттік қызметті алу жолын ыңғайлы әрі қолжетімді ету мақсатында халыққа заманауи жүйеде қызмет көрсететін цифрлық кеңсе ашылды. Цифрлық форматтағы бөлімшенің ашылу салтанатына тәуелсіз директорлар кеңесінің мүшелері Зағипа Балиева мен Ерғали Бегімбетов, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басшысы Сүйеніш Әбділдин, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан және филиал директоры Балмейір Сансызбайұлы қатысты.«Азаматтарға арналған үкімет» Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысын жаңғырту бойынша ауқымды жұмыс атқаруда. Мәселен, тұрғындарға мемлекеттік қызметті алу жолын ыңғайлы әрі қолжетімді ету мақсатында халыққа заманауи жүйеде қызмет көрсететін цифрлық кеңсе ашылды. Цифрлық форматтағы бөлімшенің ашылу салтанатына тәуелсіз директорлар кеңесінің мүшелері Зағипа Балиева мен Ерғали Бегімбетов, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басшысы Сүйеніш Әбділдин, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан және филиал директоры Балмейір Сансызбайұлы қатысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.