Бүгінгі таңда елімізде цифрландыру саласы қарқынды іске асып жатқанының айқын дәлелі Келес ауданының ауылшаруашылығы саласында да көрініс табуда. Соның бірі тамшылатып суғару әдісін пайдаланатын шаруашылықтың жер көлемі – 350 га жетіп отыр. Алдағы уақытта бұл әдісті қолданатын шарушылықтың саны мен жер көлемі артып отырады. Биылғы жылы Келес ауданында ауыл шаруашылығы саласында ауқымды істер атқарылуда. Соның бірі жылына 2-3 өнім алу жобасы сәтті жүзеге асырылған. Нәтижесінде аудандағы 12 ауылдық округтердің әр қайсысынан 10 шаруадан аталаған жобаның тиімділігін пайдаланып, едәуір табысқа жетті. Жылына екі не үш өнім алу жобасы Келес өңірінде қолға алынуы тегін емес. Себебі, аудан агрошарушылыққа бейім ықылымда орналасқаны, күн көзінің көп уақытта түсуі, сонымен қатар Келес өзенінің жағалауында орналасқаны нәтижесінде топырағы да өте құнарлы. Жоғарыдағы статистикадан көргендеріңіздей, егістік жер көлемі аудан көлемінің аз мөлшерін қамтиды. Ендігі кезекте сол ағынды су шықпайтын, қырлы ойлы, жерлерге тамшылатып суару әдісін қолданып, егінді жылына екі не үш рет егу арқылы шарулар егін шарушылығының ауқымын кеңейтпек. Айта кетейік, Келес ауданында жалпы 345 129 га жер көлемі болса, оның ауылшаруашылығы саласында пайдаланылатын жердің үлесі — 230 мың 835 га құрайды. Ал нақтыланған егістік жер көлемі — 23 мың 516 га болса, жылыжай көлемі — 12,3 га құрайды. Аудан диқандарына мемлекет тарапынан да жеңілдіктер, субсидиялар қарастырылып, аудан орталығы Абай ауылында орналасқан Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы арқылы тиісті қызметтер көрсетілуде. Өткен жылы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, сондай-ақ «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы арқылы бірнеше ауылшарушылығы техникалары алынып, субсидиялар үлестірілген. Елдің өркендеуі, эконимкамыздың шарықтап, халықтың әл аухатының жақсаруы мен жұмыссыздық деңгейін төмендетуде елге келер инвецтицияның рөлі де орасан. Ал ауданымыздың агрошарушылыққа бейім ықылымда орналасқаны көпшілік алыс-жақынды қалталы инвесторларды қызықтырғаны жасырын емес. Соның бірі биылғы жылдан құрылысы бастау алатын 500 гектарлық жылыжайдың құрылысы. Жылыжай толық іске қосылса 10 мың адамды жұмыспен қамтуы жоспарлануда.
Медиаон ақпарат