Абай облысында 10 млн теңге қарызы бар борышкердің көлігі айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Абай облысы полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Toyota Camry автокөлігін тоқтатып, арнайы айып тұрағына жеткізді. 

Ұсталған көлік жекеменшік сот орындаушысының қаулысына сәйкес тоқтатылған. Ресми мәліметке сәйкес, көлік иесінің мемлекет алдындағы берешегі 10 миллион теңгеден асады, — делінген ақпаратта. 

«Қауіпсіз жол» іс-шарасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ сот актілерінің орындалмауына байланысты құқық бұзушылықтарды анықтап, жолын кесуге бағытталған. 

Абай облысы полиция департаменті азаматтарды сот шешімдерін уақытылы орындап, Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға шақырады

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *