Дара жанның дара жолын дәріптеген шара республикалық ғылыми-конференциямен жалғасты. Тау тұлғаның тындырымды тірлігін ғылыми негіздеген ғалымдар мен қоғам қайраткерлері Асанбай Асқаровтың есімін ұлықтады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары мен Әдеп жөніндегі кеңестер туралы ережеге өзгерістер енгізілді.
Тәртіптік жаза қолдану қағидаларында қызметтік тергеп-тексеру, тәртіптік комиссия материалдарын қарау тәртібі және тәртіптік комиссияның ұсынымы бойынша уәкілетті адамның шешім қабылдау мерзімдері нақтыланды.
Мемлекеттік қызметшілердің қызмет стандарттарын бұзу тәртіптік жауапкершілікке әкеліп соғады. Яғни, мемлекеттік органдардың Әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызметшілердің қызметтік Әдеп нормаларын бұзудың алдын алу бойынша жүйелі және белсенді жұмыс жүргізуге бағытталған.
Үшінші шаһардың шырайын ашқан іскер басшының бірі — Асқаров Асанбай болды десек, жаңылыс айтпағанымыз. Адалдығымен ар алдында биік болған, көзқарас-пайымымен парасат майданында шалыс баспаған басшының тындырымды тірліктері бүгінгіге үлгі.
Асқаровты еске алуға арналған басқосуда қала әкімі Мұрат Әйтенов баяндама жасап, арда азаматтың жасаған жұмыстарына тоқталды.
Жақсының аты, шебердің заты қалады. Дара тұлға Асқаров жайлы айтылса, шымкенттіктер Дендро, Зоосаябақ пен кеңес заманында балаларды бақытқа бөлеген темір жол, ипподромды еске алады. Бұл қайраткер іске асырған толассыз тірліктің бір парасы ғана. Онан өзге қандай жұмыс атқарды? Бүгінде Асқаров атқарған, негізін қалаған бастамалардың қайсысы сақталды. Ғалым Оразалы Сәбден тізбектеп берді.
Асанбай Асқарұлы ХХ ғасырдың 80-жылдары өңірде 180-ге жуық өнеркәсіптің отын жаққан, көпқабатты үйлер санын арттырып, әлеуметтің ахуалын тіктейтін нысандар салды. Конференцияға Асқаровтанушы ғалымдар мен Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қатысып, қайраткердің қайсар тұлғасы жайлы естелікті толықтырды.
Асанбай Асқаров туралы баяндама жасалып, ескі естеліктерді қайта түлеткен конференция жиналған жандарға жігер сыйлап, жақсының есімі мәңгілік екенін еске салды. Қоғам үшін жасаған істері, бүгінде Шымкент шаһарының маңызды нысандары, мұның бәрі — Асқаровтың қалдырған аманаты.