25 қазан – Республика күніне орай үшінші мегаполистегі Достық үйінде «Бірлік алаңы» коворкинг орталығы ашылды. Салтанатты жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, зиялы қауым өкілдері, қалалық Ассамблея мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің төрағалары, қоғамдық құрылымдардың жетекшілері, жастар қатысты.

662

 

– Баршаңызды 25 қазан – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын. 1990 жылы егемендік декларациясы қабылданып, Қазақстан халқына үлкен үміт сыйлаған болатын. Содан бері талай заман өтсе де тарихи даталар өзгеріске ұшырамақ емес. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес осы мерекеге мемлекеттік мейрам мәртебесі қайтарылды. Бұл мемлекеттіктің белгісі ғана емес, елімізде тату-тәтті өмір сүріп отырған біздің бірлігіміздің, ынтымағымыздың жемісі. Біз – Қазақстан халқы «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» отырмыз. Бірлігіміз бекем. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында өңірлерде осындай орталықтар құру туралы тапсырма берген болатын. Соған сәйкес қаламызда «Бірлік алаңы» коворкинг орталығы ашылып отыр. Баршамызға құтты болсын! – деді Шыңғыс Жұмабекұлы.
«Бірлік алаңы» орталығының жұмысы 4 негізгі бағыт бойынша жүргізіледі. Біріншісі – Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы 7 қоғамдық құрылым мен 17 этномәдени бірлестіктердің қатысуымен тұрақты негізде брифингтер ұйымдастыру. Екіншісі – қоғам тұрақтылығын нығайту мәселесі бойынша халықтық жобаларды іріктеу, оларға қолдау көрсету мүмкіндіктерін қарастыру. Үшіншіден – «Ассамблея жастары» ұйымы шеңберінде жастардың диалог алаңын қалыптастыру, дебаттар, пікір-сайыстар ұйымдастыру. Төртіншісі – мемлекеттік тілді үйрету мақсатында түрлі бағыттар бойынша семинар-тренингтер ұйымдастырып, өткізу.
Жиында Шыңғыс Жұмабекұлы ел бірлігі мен татулықты нығайтуға елеулі үлес қосқан азаматтарды марапаттады. Жиын соңы «Қазақ дастарханы» іс-шарасына ұласып, қонақтар түрлі этномәдени бірлестіктер қойған дәмнен ауыз тиді. Ал жастар алғашқы дебаттарын өткізді.Бұл мемлекеттіктің белгісі ғана емес, елімізде тату-тәтті өмір сүріп отырған біздің бірлігіміздің, ынтымағымыздың жемісі. Біз – Қазақстан халқы «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» отырмыз. Бірлігіміз бекем. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында өңірлерде осындай орталықтар құру туралы тапсырма берген болатын. Соған сәйкес қаламызда «Бірлік алаңы» коворкинг орталығы ашылып отыр. Баршамызға құтты болсын! – деді Шыңғыс Жұмабекұлы.
«Бірлік алаңы» орталығының жұмысы 4 негізгі бағыт бойынша жүргізіледі. Біріншісі – Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы 7 қоғамдық құрылым мен 17 этномәдени бірлестіктердің қатысуымен тұрақты негізде брифингтер ұйымдастыру. Екіншісі – қоғам тұрақтылығын нығайту мәселесі бойынша халықтық жобаларды іріктеу, оларға қолдау көрсету мүмкіндіктерін қарастыру. Үшіншіден – «Ассамблея жастары» ұйымы шеңберінде жастардың диалог алаңын қалыптастыру, дебаттар, пікір-сайыстар ұйымдастыру. Төртіншісі – мемлекеттік тілді үйрету мақсатында түрлі бағыттар бойынша семинар-тренингтер ұйымдастырып, өткізу.
Жиында Шыңғыс Жұмабекұлы ел бірлігі мен татулықты нығайтуға елеулі үлес қосқан азаматтарды марапаттады. Жиын соңы «Қазақ дастарханы» іс-шарасына ұласып, қонақтар түрлі этномәдени бірлестіктер қойған дәмнен ауыз тиді. Ал жастар алғашқы дебаттарын өткізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.