Мен, Ташманбетова Жансулу Оразхановна, 2012 жылы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем тілдері университетін мемлекеттік грант негізінде оқып бітіргеннен кейін еңбек жолын Алматы қаласында бастадым. 9 жылдың ішінде ағылшын тілі мұғалімі ретіндегі тәжірибемде бірнеше мектепте соның ішінде өзім аяқтаған Арыс қаласындағы №11 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектепте жұмыс істедім. Қазіргі таңда Шымкент қаласыдағы №131 жалпы орта мектебінде педагог-сарапшы санатында жұмыс істеймін.
Осыдан бірнеше ай бұрын «Өрлеу» Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығының курсына жазылу үшін мектеп әкімшілігіне хабарлап өтініш білдірдім, мектеп әкімшілігі Білім басқармасына сұраныс жіберіп, мен аталған пәндік курсқа оқуға келдім.
Осы жылдың 01-12 тамыз аралығында «Өрлеу» Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы ұйымдастырған ағылшын тілі пәні мұғалімдері үшін қиындық тудыратын күрделі тақырыптар бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өттім, атап айтқанда Conditionals, Reported Speech, Writing skills, тағы басқа 10-11 сыныптар үшін күрделі тақырыптар қамтылды. Курстан кейін әр сабағымда әрбір грамматикалық тақырыпты оқушылардың өздері меңгеретіндей тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалануым қажеттігін, топтық, жұптық, жеке жұмыстарды түрлендіре отырып ұйымдастырып, оқушылардың тақырыптарды өздері меңгеретіндей етіп сыныпты ұйымдастыруым қажеттігін, сыныптағы әрбір оқушының жеке тұлға екенін ұғынып, әр оқушымен жеке жұмыс жасауым қажеттігін, нәтижесінде мұғалімнің сыныптағы сөйлеу уақытын (TTT) мейлінше азайтып, (LTT) оқушының сөйлеу уақытын барынша арттыру қажеттігін жақсы түсіндім. Сондықтан келешекте әрбір сабағымда оқушының ағылшын тілінен негізгі 4 дағдысын (listening, speaking, reading, writing) қатар дамытуға жұмыс жасаймын. Әр дағдыны дамытуға қажетті курстан үйренген about microstages of the listening, reading, speaking and writing lessons қатысты тиімді әдіс-тәсілдерді, сонымен қатар 10-11 сынып оқушылары үшін қажетті эссенің 5 түрін (Double question essay, Advantages/disadvantages essay, Problems and Solutions essay, Opinion-based essay) оқушыларыма жаздырып үйретемін. Оқушыларға күрделі грамматикалық тақырыптарды меңгерту кезінде де индуктивті әдісті пайдалана отырып, көбірек практикалық тапсырмалар беріп, әр кезеңде білген материалын бекітіп отыру қажеттігін түсіндім.
Қазіргі таңда сабақтарымды оқушылармен түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалануым оларды тілдік барьерді жеңуге және тілге деген құштарлығын ашуына көмектесіп келеді.
НЦПК ӨРЛЕУ Өрлеу Шымкент алғысым шексіз. Тағы да мұғалімді жан-жақты курстар болса қуана-қуана барар едім.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.