Өткен демалыс күндері Al-Farabi тұрғындары BI Group құрылыс компаниясының қызметкерлерімен бірге жаңа кешеннің ауласына есімдері жазылған ағаш көшеттерін екті. Бұл іс-шара Шымкентте Қазақстанның мегаполистеріндегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған дәстүрлі BI Green науқаны аясында өтті.

bi-green-shymkent

Бір күнде 60 түп ағаш пен бұта егілді. Дендрологтар өңірдің ыстық климатына барынша қолайлы шаған, талшын, боз арша, шырша, арша, мойыл, жөке ағашы, бөріқарақат секілді өсімдіктерді таңдап алды.

—Біз әрбір салынған кешенмен бірге оның айналасындағы барлық қажетті инфрақұрылымды, соның ішінде саябақтар мен гүл бақтарын да жасап береміз. Әрине, мұны тұрғындардың көмегінсіз жасай алмас едік. Шымкентте BI Green науқаны осымен екінші рет өткізіліп жатыр. Бұл жолғы эстафетаны Tamerlan Residence тұрғын үй кешенінен Al-Farabi тұрғын үй кешені алды. Баршаңызды осы бір тамаша күнмен құттықтағым келеді, қала тұрғындарына сүйікті қаламызды көгалдандыруға қосқан үлестері үшін алғыс айтамын, — дейді Абзал Батырбай, Al-Farabi жобасының жетекшісі.

bi-green-shymkent-2

— Мұндай науқанға бүкіл отбасымызбен, балаларымызбен бірге алғаш рет қатысып тұрмыз. Алған әсеріміз шексіз! Бүгін көршілерімізбен танысып, ауламызды көркейтуге өз үлесімізді қостық. Енді өз қолымызбен отырғызған ағаштардың қалай өсіп жатқанын күнделікті қуана бақылап тұратын боламыз. Өскелең ұрпақтың бойына табиғатқа деген сүйіспеншілікті сіңіріп, оны құрметтеуге тәрбиелеу үшін мұндай іс-шараларды жиі өткізіп тұру керек деп ойлаймыз, — дейді Азат пен Жанардың отбасы.

bi-green-shymkent-3

Іс-шара BI Service басқарушы компаниясының жаңа дәстүрі – көршілердің бір-бірімен танысып-білісуімен аяқталды.

Елімізді көгалдандыру жөніндегі экологиялық жоба елордада 2020 жылдың күзінде басталып, құрылыс холдингінің 25 жылдық мерейтойына орайластырылып өткізілген болатын. BI Green қозғалысының арқасында Қазақстан бойынша 49 000 жаңа өсімдік өркен жайды.

Осы ретте BI Group компаниясының қоғам өміріне белсенді түрде араласатынын естеріңізге сала кетейік. Компания ESG қағидаттарын қатаң ұстана отырып, көптеген әлеуметтік және қайырымдылық жобаларын іске асырып келеді. Қоршаған ортаны қорғаумен қатар компанияның басым бағыттарының қатарында спортты кеңінен насихаттау, Алматы тауларындағы туристік бағыттарды ретке келтіру, білім беру жобалары мен мемлекеттік тілді дамыту мәселелері де бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.