Биылғы қараша айында іске қосылатын IV жоба жүзеге асырылса, қосымша 40 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Қазіргі таңда кілем фабрикасында 230 жұмыс орны бар. 2022 жылдың басындағы мәлімет бойынша, жобаға құйылған инвестицияның жалпы құны 11,25 млрд теңгені құрайды.2013 жылдың 31 желтоқсанында «Бал Текстиль» ЖШС №1 «Кілем өндірісі зауыты» цехының пайдалануға берілуін қамтамасыз етті. 2014 жылы компания «Kartal Tekstil Sanayi Ve Ticaret LTD.STI.» түрік серіктесімен бірлесе отырып 1,2 млрд. инвестиция жасады.

Шымкенттегі «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан фабрика Қазақстандағы ірі кілем және кілем өнімдерінің өндіріс орны саналады. Кәсіпорын 2013 жылдың қазан айында іске қосылған. Ал 2015 жылы компанияда синтетикалық иірімжіпті өндіру бойынша II жоба іске қосылды. Қазіргі таңда өндіріс орнының қуаттылығы жылына 7 млн шаршы метр кілем бұйымдарын және 4 мың тонна синтетикалық иірілген жіпті құрайды.

Компанияның өнімдері ел ішінде де, шетелде де, атап айтқанда Ресейде, Қырғызстанда және Тәжікстанда сұранысқа ие. Өндірістік қуатты ұлғайту мақсатында компания 2019 жылы кілем бұйымдарын өндіру жөніндегі III жобаны іске қосты, бұл өз кезегінде кілем өндірісінің көлемін жылына қосымша 2 млн шаршы метрге дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Кілемдер мен кілем өнімдері «BCF», «Heat-Set» брендтерінің синтетикалық пропилен жіптерінен жасалады. Өнімдер TURAN, Хан-Тенгри, Алатау, Bars, Сарыарая, Ұлытау, Алаш, Отырар атауларымен шығарылады және әлемдік деңгейдегі сапаға ие. Кілем өндіретін шикізат Түркия, Бангладеш, Үндістан, Ресей және басқа елдерден импортталады. Зауыт «VandeWiele» (Бельгия), TEXTIMA EXPORT IMPORT GMBH (Германия), Neumag (Германия), Superba (Германия), Volkmann (Германия) жоғары сапалы жабдықпен жабдықталған. Компания 2014 жылы 1722,6 мың ш.м. кілем мен кілем өнімдерін өндірді.

«Шымкент келбеті»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.