Францияның Париж қаласында өткен роуд-шоуда “Бақытты қалаға саяхат” конкурсын жеңген француз азаматы Наурыз мерекесінде Шымкент қаласына саяхаттап келеді.Экономиканың түрлі саласында жаңа реттеу саясатына сай келмейтін 6,5 мыңнан астам талап анықталды. Енді Үкімет «Атамекен» палатасымен бірлесіп, заңнамаға және нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістерді жедел енгізуі керек. 2024 жылдың басынан бастап жаңа тәсілдерге іс жүзінде көшуіміз қажет, – деді Президент.
Мемлекет басшысының айтуынша, бизнесті негізсіз және шектен тыс бақылауға, қылмыстық қудалауға жол беруге болмайды. Кәсіпкерлерді негізсіз тексерулерден қорғауға, қылмыстық процеске заңсыз тартуды болдырмауға бағытталған кешенді шаралар қазірден бастап қолға алынып жатыр.Соның нәтижесінде диқандарымыз бір мыңнан астам қосымша техника алу мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ, егін егу және оны жинау жұмыстарына жеңілдікпен несие беру көлемі екі есе артты. Ал диқандарға жеңілдікпен берілетін жанар-жағармай өнімдерінің көлемі 820 мың тоннаға дейін өсті. 2023 жылдан бастап көкөніс өнімдерін шығару үшін фермерлерге алдын ала, яғни, форвардтық несие беру бағдарламасы іске қосылады. Осы мақсатқа шамамен 100 миллиард теңге қаржы бөлінеді, – деді Мемлекет басшысы.
Нельсон Родригес Қазақстан жайлы қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы аталған конкурстың жеңімпазы атанды. Ол Наурыз мерекесінде Шымкент қаласына келіп, өңірдің мәдениетімен және тарихымен танысуға ниеттеніп отыр.
Айта кетейік, Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы қаланың туристік мүмкіндіктері мен инвестициялық тартымдылығын насихаттау, туристік ағынын арттыру және туристік өнімді жарнамалау мақсатында Париж қаласында роуд-шоу ұйымдастырған болатын. Роуд-шоу — аймақтың турбизнес өкілдерін қаламыздың туристік мүмкіндіктерімен, гастрономиясымен, мерекелік іс-шараларымен, бағдарламаларымен таныстыруға мүмкіндік береді.
Жалпы, Франция Қазақстанға инвестиция салушы елдер арасында алғашқы ондықта. Жыл сайын бұл елге миллиондаған турист келеді. Яғни, туризмі қарқынды дамыған алпауыт ел ретінде белгілі. Францияның туризмі ел экономикасының маңызды аспектісі болып табылады. Осы елдің тәжірибесін пайдалана отырып, екіжақты туристерді тарту үшін бірлесе жұмыстар атқарылмақ. Бұл қадамдар туристік ағымды ұлғайту үшін ғана емес, сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру, сапарлармен алмасу, өзара инвестициялар тарту, мемлекеттер арасындағы саяси диалогты кеңейту үшін де нәтиже береді деп күтілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.