Бүгін EdCrunch Reload – білім және жаңа технологиялар туралы жетекші халықаралық конференциясы басталды.
Конференцияның негізгі тақырыбы – ақыл мен технологияның бірігуі (Merging Minds & Technology). 25 елден келген зияткерлік көшбасшылар алаңда кейс-сессиялар, презентациялар, баяндамалар, сұхбаттар, мастер-кластар және жария сұхбаттар форматында кең ауқымды мәселелер бойынша мазмұнды пікірталастарға бастамашылық етті. Сондай-ақ спикерлер зерттеу нәтижелерімен бөлісіп, оларды жұмыс барысында пайдалану жолдарымен де бөлісті.
Өрлеудің әлеуметтік желілерде жарияланатын жаңалықтарын бақылап жүріңіздер! Келесі жазбаларда қазақстандық және халықаралық жетекші білім сарапшылары эксклюзивті кеңестер беріп, шабыттандырушы идеяларымен, бейстандартты тәсілдерімен, оқытуды дамытудың жаңа тәжірибелерімен бөлісетін болады. Спикерлердің тәжірибесін зерделей отырып, Өрлеу оқытушылары мен мамандары педагогтердің кәсіби дамуындағы жаңа идеялар мен бағыттарды атап өтетін болады.
_____________________________________________
📌Сегодня стартовала EdCrunch Reload – ведущая международная конференция про образование и новые технологии.
Основная тема конференции – слияние разума и технологий (Merging Minds & Technology). На площадке интеллектуальными лидерами из 25 стран дан старт содержательным дискуссиям по широкому спектру вопросов в формате кейс-сессий, презентаций, докладов, интервью, мастер-классов и публичных бесед. Спикеры также делятся результатами своих исследований и рассказывают о том, как использовать их в работе.
Следите за новостями Өрлеу в социальных сетях! В следующих постах вас ждут эксклюзивные советы, вдохновляющие идеи, нестандартные подходы и новые практики развития обучения от ведущих казахстанских и международных экспертов образования. Изучив опыт спикеров, преподаватели и специалисты Өрлеу озвучат новые идеи и направления в профессиональном развитии педагогов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.